Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Фицо Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін бұғаттауы мүмкін

© Sputnik / СавенковНефтепровод "Дружба", архивное фото
Нефтепровод Дружба, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Еуропалық комиссия мұнай мәселесінде Украина жағына шықса, Словакия Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін қолдамайды, деп мәлімдеді елдің премьер-министрі Роберт Фицо.
"Егер Еуропалық комиссия Украинаға Словакияға қарағанда көбірек қолдау көрсетсе, онда Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін қолдауды да, Украинаның қажетті талаптарды орындамай-ақ Еуроодаққа тез қосылуына біздің келісімімізді де күтпесін", — деді ол желіде жарияланған бейнеүндеуінде.
Премьер сондай-ақ "Дружба" мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалын қайта бастау мәселесі Словакия мен Венгрияға ғана емес, бүкіл Орталық Еуропаға қатысты екенін айтты. Оның сөзінше, егер құбыр жұмыс істеп тұрса, жанармай бағасының қымбаттауы мәселесі туындамас еді.
"Екі айдан бері "Дружба" мұнай құбыры арқылы бізге ресейлік мұнай келмей отыр. Украина президенті мұнай тасымалының тоқтауын құбырдың зақымдануымен байланыстырды, бірақ осы уақытқа дейін зақымданды делінген жерге ешкімді жібермей отыр", - деді Фицо.
Ол сондай-ақ Владимир Зеленскийді транзитті қайта бастауға мүдделі емес деп айыптап, Еуропалық комиссияны әрекетсіздік танытты деп сынға алды.
Қаңтардың соңында Киев "Дружба" құбыры арқылы Словакия мен Венгрияға мұнай жеткізуді тоқтатқан болатын. Бұған жауап ретінде Будапешт дизель мен газ жеткізуді тоқтатып, Мәскеуге қарсы 20-шы санкциялар пакетін және ЕО тарапынан Украинаға бөлінетін 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитті бұғаттады.
Сонымен қатар, соңғы апталарда Украина қарулы күштері "Түрік ағыны" инфрақұрылымына шабуылды күшейтті. Ол Венгрияға табиғи газ жеткізуде шешуші рөл атқарады.
Жаңалықтар
0