https://sputnik.kz/20260417/iri-derzhavalardan-gori-orta-derzhavalardyn-zhauapkershiligi-zhogary--toqaev-62751181.html
Ірі державалардан гөрі орта державалардың жауапкершілігі жоғары – Тоқаев
Ірі державалардан гөрі орта державалардың жауапкершілігі жоғары – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымында және басқа да халықаралық құрылымдарда бейбітшілікті сақтау үдерісі тоқырап тұр 17.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-17T20:16+0500
2026-04-17T20:16+0500
2026-04-17T20:16+0500
бұұ
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/09/17/57309816_0:201:3071:1928_1920x0_80_0_0_2573c2d6c0425297cc80e620963f7582.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ірі державалардан гөрі орта державалардың жауапкершілігі жоғары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясында БҰҰ-ны реформалау мәселесі қозғалды. Тоқаевтың айтуынша, оны іске асыру үшін прагматикалық көзқарас ұстану керек. Әйтпесе, алдағы уақытта пікірталастар жалғаса береді.Оның ойынша, өте өзекті халықаралық мәселелердің шешілуіне Қауіпсіздік кеңесінің өзі кедергі келтіріп отыр.Осы орайда мемлекет басшысы былтыр қыркүйек айында өткен БҰҰ Бас ассамблеясын еске алды. Сол кезде АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ штаб-пәтеріндегі бұзылған телесуфлер мен эскалаторды сынға алып: "БҰҰ-да бәрі істен шыққан!",-деп айтқан."Алайда ең маңызды мәселе – Біріккен Ұлттар Ұйымында және басқа да халықаралық құрылымдарда бейбітшілікті сақтау үдерісі тоқырап тұр. Мен – көпжақты дипломатияның жақтаушысымын. Бейбітшілікке бастайтын әділдік идеясының төңірегіне топтасқан адамзаттың жарқын болашағына әлі де сенемін", – дейді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20260417/angargan-shygarsyz-toqaev-buu-nyn-roli-nege-tomendep-ketkenin-tusindirdi-62750947.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/17/57309816_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_5079181142d341061d443ef3a535c06b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ, қасым-жомарт тоқаев
Ірі державалардан гөрі орта державалардың жауапкершілігі жоғары – Тоқаев
Біріккен Ұлттар Ұйымында және басқа да халықаралық құрылымдарда бейбітшілікті сақтау үдерісі тоқырап тұр
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ірі державалардан гөрі орта державалардың жауапкершілігі жоғары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясында БҰҰ-ны реформалау мәселесі қозғалды. Тоқаевтың айтуынша, оны іске асыру үшін прагматикалық көзқарас ұстану керек. Әйтпесе, алдағы уақытта пікірталастар жалғаса береді.
"Қазақстан және Түркия сияқты орта державалардың маңызы мен оң ықпалын атап өткім келеді. Әрине, әлемде бізге ешкім тең келмейді деп мақтанудан аулақпын. Бірақ жаһандық үдерістерде жоғары деңгейде жауапкершілік танытып жүрміз. Мұны дипломатиялық іс-әрекетіміз көрсетіп отыр. Сондықтан жаһандық мәселелердің шешіміне жиі қарсы келетін Қауіпсіздік кеңесіндегі ірі державалардан гөрі орта державалардың жауапкершілігі жоғары десек, артық болмайды", – деді Тоқаев.
Оның ойынша, өте өзекті халықаралық мәселелердің шешілуіне Қауіпсіздік кеңесінің өзі кедергі келтіріп отыр.
"Бұл оғаш, бәлкім, ақылға сыймайтын жағдай. Адамдар, дипломаттар мен саясаткерлер басқа алаңдарда келіссөз жүргізуге мәжбүр", - деп атап өтті президент.
Осы орайда мемлекет басшысы былтыр қыркүйек айында өткен БҰҰ Бас ассамблеясын еске алды. Сол кезде АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ штаб-пәтеріндегі бұзылған телесуфлер мен эскалаторды сынға алып: "БҰҰ-да бәрі істен шыққан!",-деп айтқан.
"Алайда ең маңызды мәселе – Біріккен Ұлттар Ұйымында және басқа да халықаралық құрылымдарда бейбітшілікті сақтау үдерісі тоқырап тұр. Мен – көпжақты дипломатияның жақтаушысымын. Бейбітшілікке бастайтын әділдік идеясының төңірегіне топтасқан адамзаттың жарқын болашағына әлі де сенемін", – дейді Тоқаев.