"Аңғарған шығарсыз": Тоқаев БҰҰ-ның рөлі неге төмендеп кеткенін түсіндірді

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума
Касым-Жомарт Токаев принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Жазылу
Тоқаевтың ойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауды Қауіпсіздік кеңесінен бастау қажет
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясында БҰҰ-ның рөлі не себепті төмендеп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сессияны Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы жүргізді. Ал БҰҰ-ның қазіргі рөлі талқыланғанда Тоқаев маңызды бір мәселеге назар аударды.
"Сіз Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі ретінде келіссөздер БҰҰ мен басқа да ірі халықаралық ұйымдар алаңында емес, одан тысқары жерлерде өтіп жатқанын аңғарған шығарсыз. Тараптар БҰҰ-да емес, белгілі бір елдердің астаналарында, жекелеген конференц-залдарда кездеседі. БҰҰ жоғары өкілдерінің қақтығыстарға араағайындық жасағанын көре бермейміз. Бұл ойланатын мәселе. Демек БҰҰ-ның рөлі төмендеп кетті деген сөз. Мен оған қатты алаңдаймын", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, қазір жұрт келесі БҰҰ бас хатшысы кім болады деген тақырыпты талқылап жатыр.
"Менің ойымша, бұл аса маңызды емес. Ең басты түйткіл, ұйым қазіргі күйінде әрі қарай қызметін жалғастыра ала ма?", – деп атап өтті президент.
Осы орайда Тоқаев 80 жыл бұрын құрылған ұйым әбден ескірді, құлдырап бара жатыр деген пікірмен де келісетінін жеткізді.
"Бізге БҰҰ жарғысына мұқият мән берген жөн. Жарғыда "дұшпан мемлекеттер" деген ұғым бар. Рас, 80 жыл бұрын бәрі түсінікті еді. Ал қазір әлгі "жау елдер" ұйымды қаржыландыру және бейбітшілікті қолдау ісінде маңызды рөл атқарып отыр. Ең бастысы – БҰҰ-ның беделін көтеріп, тиімділігін арттыру", – дейді мемлекет басшысы.
Тоқаевтың ойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауды Қауіпсіздік кеңесінен бастау қажет.
Тегеран - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы мәселенің мәніне үңілуге шақырды
Жаңалықтар
0