Шығыс Қазақстанда кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар тауарды өз-өзіне үстеме бағамен сатқан

© Photo : Пресс-служба Министерства торговли и интеграции РКАрман Шаккалиев провёл мониторинг торговых сетей Астаны
Арман Шаккалиев провёл мониторинг торговых сетей Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2026
Жазылу
Осындай "өзіне өзі қайта сату" нәтижесінде халық үшін маңызды тауарлардың соңғы бағасы негізсіз өскен
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстеме бағамен өз өзіне қайта сатқан, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті электрондық шот-фактураларды талдау барысында бағаларды жасанды түрде көтеру схемасы анықталды.
Анықталғандай, өңірдегі жеке кәсіпкерлердің бірі жасанды делдалдық буын құрған. Кәсіпкер тауарларды, яғни қарақұмық жармасы, қант, тұзды сатып алып, оларды өзіне қарасты ЖШС-ға қайта сатқан.
Осындай "өзіне өзі қайта сату" нәтижесінде халық үшін маңызды тауарлардың соңғы бағасы негізсіз өскен.
"Мәселен, қарақұмық жармасына 127% сауда үстемесін қосқан. Сатып алу бағасы 241 теңге болса, 550 теңгеден сатылған. Ал қантқа сауда үстемесі 45% жеткен. Ас тұзына 41% сауда үстемесін қойған", - деп жазылған хабарламада.
ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.
Продуктовая корзина. - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2026
Қазақстанда қандай азық-түлік арзандады
Жаңалықтар
0