https://sputnik.kz/20260402/qazaqstanda-qanday-azyq-tulik-arzandady-62327586.html
Қазақстанда қандай азық-түлік арзандады
Қазақстанда қандай азық-түлік арзандады
Sputnik Қазақстан
Наурыз айында айлық инфляция деңгейі 0,6% құрады 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T20:29+0500
2026-04-02T20:29+0500
2026-04-02T20:29+0500
инфляция
баға
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573396_0:207:2908:1843_1920x0_80_0_0_3b754f7bbd87636a1ac2ad267dc2158d.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанда соңғы айда инфляция қарқыны баяулай бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросының ресми сайтына сілтеме жасап.Наурыз айында айлық инфляция деңгейі 0,6% құрады. Ақпанмен салыстырғанда бағаның өсу қарқыны 0,5% тармаққа баяулады. Бір айдың ішінде арзандаған азық-түліктің ішінде қияр (– 22,6%), пияз (- 10,9%), қызанақ (– 2,6%), қырыққабат (– 1,9%), қарақұмық жармасы (– 1,2%) мен шоколадқа малынған кәмпиттер (– 0,9%) бар. Ал тәтті бұрыш (10,7%), банан (5,4%), қызылша мен сәбіз (4,2%), майлылығы 2-3% айран (2,3%), бал (1,8%), қантты печенье мен сиыр бауыры (1,3%) қымбаттады.Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш (8,2%), үтік (7,7%), смартфон (2,7%), автомобильдер (2,3%), әйелдер сөмкесі (2,1%) арзандаса, алтын сақина, ас үй пеші (5,5%), теледидар (4,1%), сымсыз құлаққаптар (2,2 %), корвалол (1,7%), қолға жағатын крем (1,4%) мен цементтің (1,3%) бағасы көтерілді.Жалпы, азық- түлік тауарларының бағасы 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% өсті.Айта кетері, инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі.
https://sputnik.kz/20260210/suleymenov-biyl-inflyatsiya-10-payyzdan-tomendeydi-dep-bolzhanyp-otyr-61053237.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573396_89:0:2820:2048_1920x0_80_0_0_c01f8379dd2a9ddb42ec8df5bd9267ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция, баға, азық-түлік
инфляция, баға, азық-түлік
Қазақстанда қандай азық-түлік арзандады
Наурыз айында айлық инфляция деңгейі 0,6% құрады
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанда соңғы айда инфляция қарқыны баяулай бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросының ресми
сайтына сілтеме жасап.
Наурыз айында айлық инфляция деңгейі 0,6% құрады. Ақпанмен салыстырғанда бағаның өсу қарқыны 0,5% тармаққа баяулады. Бір айдың ішінде арзандаған азық-түліктің ішінде қияр (– 22,6%), пияз (- 10,9%), қызанақ (– 2,6%), қырыққабат (– 1,9%), қарақұмық жармасы (– 1,2%) мен шоколадқа малынған кәмпиттер (– 0,9%) бар. Ал тәтті бұрыш (10,7%), банан (5,4%), қызылша мен сәбіз (4,2%), майлылығы 2-3% айран (2,3%), бал (1,8%), қантты печенье мен сиыр бауыры (1,3%) қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш (8,2%), үтік (7,7%), смартфон (2,7%), автомобильдер (2,3%), әйелдер сөмкесі (2,1%) арзандаса, алтын сақина, ас үй пеші (5,5%), теледидар (4,1%), сымсыз құлаққаптар (2,2 %), корвалол (1,7%), қолға жағатын крем (1,4%) мен цементтің (1,3%) бағасы көтерілді.
Жалпы, азық- түлік тауарларының бағасы 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% өсті.
"Жылдық инфляция мәні 2026 жылдың наурызында 11% құрады және ақпанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік тауарларының бағасы 11,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер – 10% өскен", - дейді статистика мамандары.
Айта кетері, инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі.