Маңғыстау облысында үйлерді су басты

© Sputnik / Елена БережнаяПаводок побил рекорды нескольких лет в СКО
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысында нөсер жауынның салдарынан үйлерді су басты, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше 14-15 сәуір аралығында өңірде айлық нормадан 3-4 есе көп жауын-шашын түсті.
"Нөсер жаңбыр салдарынан Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Қарақия аудандарында көшелерді су басты. Жаңаөзен қаласында 2 тұрғын үйге су кірді", - деп жазылған хабарламада.
Жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД-дан 50-ден астам техника және 150-ден астам жеке құрам жұмылдырылды.
Сондай-ақ, қатты жел салдарынан Маңғыстау және Бейнеу аудандарында шамамен 20 тұрғын үйдің шатыры зақымданды.
Борьба с паводками в Костанайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
Ақмола облысындағы ауылды су басты: бір адам жоғалып кетті
Жаңалықтар
0