Үкімет ақшасы көбейген өңірлерді атады

Заседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Жазылу
Ел экономикасында инвестициялар өсудің негізігі драйвері болып отыр
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша үздік өңірлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ел экономикасында инвестициялар өсудің негізігі драйвері болып отыр. Биыл үш айдың ішінде ақша көлемінің жоғары өсуі Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды.

"Бұл ретте, Қостанай, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында айтарлықтай төмендеу байқалып отыр", - дейді вице-министр Азамат Амрин.

Бұдан бөлек, қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібі 8,5 процентке өсті. Ал ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында тіркеліп отыр. Ал Ақмола және Шығыс Қазақстанда өндірістің көлемі төмендеп келеді.
Экономиканың тағы бір маңызды көрсеткіші - құрылыс жұмыстары. Ол жағынан Ұлытау, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы оқ бойы озық келеді. Ақмола, Жетісу мен Абай облыстарында құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару саласында Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары ең жоғары көрсеткішке жетті.
Айта кетері, биыл үш айда экономика 3 процентке өсті.
Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Мемлекеттік бюджет кірісі жоспарлы көрсеткіштен асып түсті – үкімет
Жаңалықтар
0