Бектенов экономиканың үш айда қалай өскенін айтты

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаСовещание в правительстве Казахстана
Совещание в правительстве Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Жазылу
Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан, шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың үш айда қалай өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында алғашқы үш айдың қорытындысы қаралды. Бұдан бөлек, қаңтар-наурыз айларында республикалық бюджеттің атқарылу барысы пысықталды.
"Аталған кезеңде жалпы ішкі өнім нақты 3 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш шикізаттық емес секторда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, көлік, құрылыс, сауда салаларындағы орнықты өсу есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек", - деді Бектенов.
Оның айтуынша, күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан, шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр.
Совещание в правительстве Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Бектенов шекара бекеттерін жаңғыртудың баяу жүріп жатқанын сынға алды
Жаңалықтар
0