Шерзат ісі: сотталғандарға қатысты үкім өзгеріссіз қалды

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандарға қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Мейірман Шекеев хабарлады.
Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов үкіммен келіспей, кассациялық шағым түсіріп, толық ақтауды сұраған.
Алайда Шекеевтің айтуынша, кассациялық сот сотталғандардың уәжін негізсіз деп таныды. Бұған дейін шыққан үкім өзгеріссіз қалды.
2025 жылы мамырда Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, ал Дидар Қалиахметов 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Бұл іс бойынша 9 адам сотталды.
Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден шықты
Жаңалықтар
0