https://sputnik.kz/20260414/aqmola-oblysynda-surrogat-anaga-qatysty-dau-sotta-qaraldy-62649120.html
Ақмола облысында суррогат анаға қатысты дау сотта қаралды
Ақмола облысында суррогат анаға қатысты дау сотта қаралды
Sputnik Қазақстан
Сот ерлі-зайыптыға материалдық шығынды өндіріп берді, алайда моральдық зиянды өтеу талабын қанағаттандырмады 14.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-14T22:11+0500
2026-04-14T22:11+0500
2026-04-14T22:11+0500
ақмола облысы
сот үкімі
сот
сот шешімі
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:214:1280:934_1920x0_80_0_0_697c8484b647bcd21f2341d905ef10ab.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының соты ерлі-зайыпты мен келісімшарттағы міндетін орындамаған суррогат ана арасындағы дауды қарады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.Соттың мәліметінше ерлі-зайыпты 2024 жылы суррогат ананың қызметін пайдалануға шешім қабылдап, Д-мен шарт жасасқан.Ал 2025 жылғы сәуірде ерлі-зайыпты "Астана Эколайф" ЖШС-не эмбрионды сақтау шартын тоқтату туралы өтініш жазған. Ерлі-зайыпты сотқа жүгініп, Д.-ға жұмсалған қаражатты өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап койған.Алайда облыстық сот бұл шешімді қайта қарап, моральдық зиянды өндіру бөлігін алып тастады. Соттың түсіндіруінше, Д. тек мүліктік (қаржылық) міндеттемелерді бұзған, ал моральдық зиян келтіргені дәлелденбеген.Сондай-ақ, эмбрионның жойылуына Д.-ның тікелей қатысы бары дәлелденбеген. Өйткені эмбрион арнайы ұйыммен жасалған келісім негізінде сақталған және оны жою туралы шешімді ерлі-зайыпты өздері қабылдаған.Осылайша, сот Д.-ны тек материалдық шығынды өтеуге міндеттеді. Облыстық соттың шешімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260311/baladan-bas-tartty-almatylyq-surrogat-ana-adildik-izdep-zhur-61767353.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, сот үкімі, сот, сот шешімі
ақмола облысы, сот үкімі, сот, сот шешімі
Ақмола облысында суррогат анаға қатысты дау сотта қаралды
Сот ерлі-зайыптыға материалдық шығынды өндіріп берді, алайда моральдық зиянды өтеу талабын қанағаттандырмады
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының соты ерлі-зайыпты мен келісімшарттағы міндетін орындамаған суррогат ана арасындағы дауды қарады, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан. Соттың мәліметінше ерлі-зайыпты 2024 жылы суррогат ананың қызметін пайдалануға шешім қабылдап, Д-мен шарт жасасқан.
"Келісім бойынша екі рет ұрықтандыру әрекеті жоспарланған. Бірінші әрекет сәтсіз аяқталған — эмбрион бекімеген. 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы ақпанға дейін ерлі-зайыпты Д.-ға 500 мың теңгеден астам қаражат аударған. 2025 жылғы наурыз айына жоспарланған екінші әрекет Д.-ның келмеуіне байланысты жүзеге аспаған", - деп жазылған хабарламада.
Ал 2025 жылғы сәуірде ерлі-зайыпты "Астана Эколайф" ЖШС-не эмбрионды сақтау шартын тоқтату туралы өтініш жазған. Ерлі-зайыпты сотқа жүгініп, Д.-ға жұмсалған қаражатты өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап койған.
"Бірінші сатыдағы сот талапты ішінара қанағаттандырды. Д.-дан 550 мың теңге және тексеру, дәрі-дәрмек, жол шығындары өндірілді. Сонымен қатар, 500 мың теңге моральдық зиян төлеу туралы шешім шыққан", - деп жазылған хабарламада.
Алайда облыстық сот бұл шешімді қайта қарап, моральдық зиянды өндіру бөлігін алып тастады. Соттың түсіндіруінше, Д. тек мүліктік (қаржылық) міндеттемелерді бұзған, ал моральдық зиян келтіргені дәлелденбеген.
Сондай-ақ, эмбрионның жойылуына Д.-ның тікелей қатысы бары дәлелденбеген. Өйткені эмбрион арнайы ұйыммен жасалған келісім негізінде сақталған және оны жою туралы шешімді ерлі-зайыпты өздері қабылдаған.
Осылайша, сот Д.-ны тек материалдық шығынды өтеуге міндеттеді. Облыстық соттың шешімі заңды күшіне енді.