https://sputnik.kz/20260413/tramptyn-ormuz-bugazyna-qatysty-malimdemesinen-keyin-munay-bagasy-8-ga-osti-62619545.html
Трамптың Ормуз бұғазына қатысты мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы 8%-ға өсті
Трамптың Ормуз бұғазына қатысты мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы 8%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
АҚШ "Иран порттарына кіретін және шығатын барлық теңіз қатынасын" блокадалауға уәде берді 13.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-13T09:21+0500
2026-04-13T09:21+0500
2026-04-13T09:21+0500
мұнай
баға
ақш пен иран қақтығысы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/06/61674569_0:320:3071:2048_1920x0_80_0_0_77babcac88a949c95aac7c3aceca19d1.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Сауда деректеріне сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазын блокадалау туралы жариялағаннан кейін әлемдік мұнай бағасы 8%-ға өсті, Brent мұнайының бағасы барреліне 102 доллардан асты.13 сәуірде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 3:00-дегі жағдай бойынша маусым айындағы Brent мұнай фьючерстерінің бағасы алдыңғы жабылумен салыстырғанда 7,76%-ға өсіп, барреліне 102,59 долларды құрады, ал мамыр айындағы WTI фьючерстері 8,2%-ға өсіп, 104,51 долларды құрады.12 сәуірде Трамп АҚШ Ормуз бұғазына кіріп-шығуға тырысатын барлық кемелерді блокадалай бастайтынын жариялады. Сондай-ақ ол АҚШ әскери-теңіз күштеріне бұғаз арқылы өту үшін Иранға ақы төлейтін барлық кемені бақылауды және тежеудә тапсырды.АҚШ Қарулы күштері орталық қолбасшылығы 13 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де "Иран порттарына кіретін және шығатын барлық теңіз трафигін" блокадалауды бастауға уәде берді.Трамп 8 сәуір түні Тегеранмен екі апталық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін жариялағаннан кейін 11 сәуірде Иран мен АҚШ Исламабадта келіссөздер бастады. Жексенбі күні таңертең америкалық делегацияның басшысы, вице-президент Джей Ди Вэнс Иран мен АҚШ ұзақ келіссөздер барысында келісімге келе алмағанын және АҚШ делегациясы келісімсіз елге оралатынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260316/munay-bagasy-150-dollardan-asuy-mumkin-61916461.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/06/61674569_324:0:3055:2048_1920x0_80_0_0_ace2915a5c9d72c22544a02c478a02cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, баға, ақш пен иран қақтығысы
мұнай, баға, ақш пен иран қақтығысы
Трамптың Ормуз бұғазына қатысты мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы 8%-ға өсті
АҚШ "Иран порттарына кіретін және шығатын барлық теңіз қатынасын" блокадалауға уәде берді
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Сауда деректеріне сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазын блокадалау туралы жариялағаннан кейін әлемдік мұнай бағасы 8%-ға өсті, Brent мұнайының бағасы барреліне 102 доллардан асты.
13 сәуірде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 3:00-дегі жағдай бойынша маусым айындағы Brent мұнай фьючерстерінің бағасы алдыңғы жабылумен салыстырғанда 7,76%-ға өсіп, барреліне 102,59 долларды құрады, ал мамыр айындағы WTI фьючерстері 8,2%-ға өсіп, 104,51 долларды құрады.
12 сәуірде Трамп АҚШ Ормуз бұғазына кіріп-шығуға тырысатын барлық кемелерді блокадалай бастайтынын жариялады. Сондай-ақ ол АҚШ әскери-теңіз күштеріне бұғаз арқылы өту үшін Иранға ақы төлейтін барлық кемені бақылауды және тежеудә тапсырды.
АҚШ Қарулы күштері орталық қолбасшылығы 13 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де "Иран порттарына кіретін және шығатын барлық теңіз трафигін" блокадалауды бастауға уәде берді.
Трамп 8 сәуір түні Тегеранмен екі апталық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін жариялағаннан кейін 11 сәуірде Иран мен АҚШ Исламабадта келіссөздер бастады. Жексенбі күні таңертең америкалық делегацияның басшысы, вице-президент Джей Ди Вэнс Иран мен АҚШ ұзақ келіссөздер барысында келісімге келе алмағанын және АҚШ делегациясы келісімсіз елге оралатынын мәлімдеді.