https://sputnik.kz/20260316/munay-bagasy-150-dollardan-asuy-mumkin-61916461.html
Мұнай бағасы 150 доллардан асуы мүмкін
Мұнай бағасы 150 доллардан асуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Ресей президентінің арнайы өкілі жеткізудегі кідірістер логистика мен өндіріске әсер етіп жатыр деп мәлімдеді 16.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-16T09:48+0500
2026-03-16T09:48+0500
2026-03-16T09:48+0500
мұнай
ресей
ақш пен иран қақтығысы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34377751_0:84:1600:984_1920x0_80_0_0_73fb964c71fc89b45c027c6d7eb1cc05.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевтің РИА Новости агенттігіне берген мәлімдемесіне сәйкес, мұнай бағасы алдағы бірнеше аптада барреліне 150 доллардан асуы мүмкін.Осылайша Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Wall Street Journal газеті жариялаған америкалық мұнай компаниялары басшыларының мәлімдемесіне түсініктеме берді. Мақалада компания басшылары АҚШ билігін Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстан туындаған энергетикалық дағдарыстың күшеюі мүмкін екендігі туралы ескерткен.28 ақпанда АҚШ пен Израиль Тегеранды қоса алғанда, Ирандағы нысандарға шабуыл жасай бастады, салдарынан ғимараттарға залал келіп, бейбіт тұрғындар көз жұмғаны туралы хабарламалар тарады. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына жауап ретінде шабуыл жасап жатыр.Иран төңірегіндегі шиеленіс Парсы шығанағы елдерінен әлемдік нарыққа мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізудің негізгі бағыты болып табылатын Ормуз бұғазының бұғатталуына әкеліп, аймақтағы мұнай экспорты мен өндіріс деңгейіне әсер етті.
https://sputnik.kz/20260312/brent-markaly-munaydyn-bagasy-barreline-100-dollardan-asty-61792036.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34377751_88:0:1512:1068_1920x0_80_0_0_88d22cbc5358dd58e8542bd23a38f67d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, ресей, ақш пен иран қақтығысы
мұнай, ресей, ақш пен иран қақтығысы
Мұнай бағасы 150 доллардан асуы мүмкін
Ресей президентінің арнайы өкілі жеткізудегі кідірістер логистика мен өндіріске әсер етіп жатыр деп мәлімдеді
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевтің
РИА Новости агенттігіне берген мәлімдемесіне сәйкес, мұнай бағасы алдағы бірнеше аптада барреліне 150 доллардан асуы мүмкін.
"Қазіргі уақытта біз алдағы 2-3 аптада барреліне 150 долларға және одан да жоғары деңгейге жету жолындамыз. Себебі мұнай жеткізіліміндегі кідірістер логистикаға ғана емес, сонымен қатар өндірістің өзіне де әсер етіп жатыр", - деп жазды Дмитриев Х әлеуметтік желісінде.
Осылайша Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Wall Street Journal газеті жариялаған америкалық мұнай компаниялары басшыларының мәлімдемесіне түсініктеме берді. Мақалада компания басшылары АҚШ билігін Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстан туындаған энергетикалық дағдарыстың күшеюі мүмкін екендігі туралы ескерткен.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Тегеранды қоса алғанда, Ирандағы нысандарға шабуыл жасай бастады, салдарынан ғимараттарға залал келіп, бейбіт тұрғындар көз жұмғаны туралы хабарламалар тарады. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына жауап ретінде шабуыл жасап жатыр.
Иран төңірегіндегі шиеленіс Парсы шығанағы елдерінен әлемдік нарыққа мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізудің негізгі бағыты болып табылатын Ормуз бұғазының бұғатталуына әкеліп, аймақтағы мұнай экспорты мен өндіріс деңгейіне әсер етті.