Мектеп бітіру кештеріне қатысты талаптар жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚоңырау
Қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Жазылу
Мектеп бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештеріне қатысты талаптарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Министрлік жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық та қабылданатын болады.
"Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады", - дейді министрлік мамандары.
Ал мектеп бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.
Осыған байланысты әкімдіктер түсіндіру жұмыстарын күшейтуге тиіс. Ал ішкі істер органдары құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар атқарады.
Соңғы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
"Әр баладан 200-300 мың теңге": Алматыдағы мектепте бітіру кешіне қатысты шу шықты
Жаңалықтар
0