Халықаралық іздеуде жүрген блогер ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген блогер Камрань қаласында қолға түскен.

"Аталған азамат әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан", - деп жазылған Polisia.kz хабарламасында.

Күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.
Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Қайсар Қамза - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2026
Блогер Қайсар Қамзаға не үшін іздеу жарияланғаны белгілі болды
Жаңалықтар
0