https://sputnik.kz/20260413/aqsh-ta-ormuz-bugazyn-qorshauga-alady---tramp-62616143.html
Трамп Ормуз бұғазына қатысты жоспарымен бөлісті
Трамп Ормуз бұғазына қатысты жоспарымен бөлісті
Sputnik Қазақстан
Ол АҚШ бұғазды блокадаға алу процесін бастайтынын және оған басқа елдер де қатысатынын айттты 13.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-13T08:06+0500
2026-04-13T08:06+0500
2026-04-13T08:53+0500
мұнай
кеме
ақш пен иран қақтығысы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/17/62123731_0:0:708:398_1920x0_80_0_0_d9421063c4ee2556d0708c83862d0eab.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін барлық кемені тоқтата бастайды деп мәлімдеді президент Дональд Трамп, деп хабарлайды РИА Новости.Осы аптаның ортасында Вашингтон мен Тегеран арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи белгілі бір шарттарды орындағаннан кейін азаматтық кемелер үшін бұл бағыттың ашылатынын жариялады.Ақ үй басшысы бұғаз жақын арада жабылатынын және басқа елдер де операцияға қатысатынын мәлімдеді, бірақ қай елдер екенін нақтыламады. Ол сондай-ақ әскерилерге Иранға бұғаз арқылы өту үшін ақы төлеген барлық кемені бақылауды және тоқтатуды тапсырғанын айтты.Трамп сонымен қатар Исламабадта Иран делегациясымен кездесу жақсы өткенін, тараптар ядролық мәселеден басқа көптеген мәселе бойынша келісімге келгенін айтты. Ол Тегеранның "өз амбицияларынан бас тартпағанын" айтты.Осы апта соңында Пәкістанда АҚШ-пен өткен келіссөздерден кейін Иран сыртқы істер министрлігі екі тараптың бірнеше маңызды мәселе бойынша келісе алмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әңгіме сенімсіздік жағдайында өтті және бұл жолы ешкім келісім күткен жоқ.
https://sputnik.kz/20260408/izraildin-livanga-shabuylynan-keyin-iran-ormuz-bugazy-arqyly-keme-qozgalysyn-toqtatty-62506241.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/17/62123731_11:0:700:517_1920x0_80_0_0_09538cf622da3024390a0c1f5b3b5397.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, кеме, ақш пен иран қақтығысы
мұнай, кеме, ақш пен иран қақтығысы
Трамп Ормуз бұғазына қатысты жоспарымен бөлісті
08:06 13.04.2026 (жаңартылды: 08:53 13.04.2026) Ол АҚШ бұғазды блокадаға алу процесін бастайтынын және оған басқа елдер де қатысатынын айттты
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін барлық кемені тоқтата бастайды деп мәлімдеді президент Дональд Трамп, деп хабарлайды РИА Новости.
Осы аптаның ортасында Вашингтон мен Тегеран арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи белгілі бір шарттарды орындағаннан кейін азаматтық кемелер үшін бұл бағыттың ашылатынын жариялады.
"Осы сәттен бастап АҚШ флоты Ормуз бұғазына кіруге немесе шығуға тырысатын кез келген және барлық кемені блокадаға алу процесін бастайды", - деп жазды Трамп TruthSocial әлеуметтік медиа платформасында.
Ақ үй басшысы бұғаз жақын арада жабылатынын және басқа елдер де операцияға қатысатынын мәлімдеді, бірақ қай елдер екенін нақтыламады. Ол сондай-ақ әскерилерге Иранға бұғаз арқылы өту үшін ақы төлеген барлық кемені бақылауды және тоқтатуды тапсырғанын айтты.
Трамп сонымен қатар Исламабадта Иран делегациясымен кездесу жақсы өткенін, тараптар ядролық мәселеден басқа көптеген мәселе бойынша келісімге келгенін айтты. Ол Тегеранның "өз амбицияларынан бас тартпағанын" айтты.
Осы апта соңында Пәкістанда АҚШ-пен өткен келіссөздерден кейін Иран сыртқы істер министрлігі екі тараптың бірнеше маңызды мәселе бойынша келісе алмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әңгіме сенімсіздік жағдайында өтті және бұл жолы ешкім келісім күткен жоқ.