Израильдің Ливанға шабуылынан кейін Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын тоқтатты

© AP Photo / Jon GambrellОрмуз бұғазы
Ормуз бұғазы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Жазылу
Егер Израиль Ливанға шабуылды жалғастыра берсе, Иран атысты тоқтату келісімінен шығады
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Ирандағы БАҚ хабарлауынша, Израильдің Ливанға шабуылдарынан кейін Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын тоқтатты.
Егер Израиль Ливанға шабуылды жалғастыра берсе, Иран атысты тоқтату келісімінен бас тартады, деп хабарлады Tasnim ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар Иран сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Иран мен Пәкістан Израильдің атысты тоқтату келісімін бұзғанын талқылады.
Бұған дейін Press TV арнасы АҚШ пен Израиль Лаван аралындағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасау арқылы атысты тоқтату келісімін бұзды деп мәлімдеген болатын.
Ормуз бұғазы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
Ормуз бұғазындағы жағдайға қатысты Оңтүстік Корея Қазақстанмен мұнай жеткізуді талқылайды
Жаңалықтар
0