Атыраулық полицейлер жол үстінде есінен танып қалған шетелдік азаматқа көмектесті

© Sputnik / Максим БогодвидПолицейская машина
Полицейская машина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2026
Жазылу
Есінен танған жүргізуші - 43 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы
АЛМАТЫ, 12 сәуір - Sputnik. Атырау облысы жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жүк көлігінің жүргізушісін құтқарды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Жүк көлігінің жүргізушісі жол үстінде есінен танып қалған. Ол Мақат ауданынан іссапардан қайтып келе жатқан.
"Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Атырау — Құлсары тасжолы бойында жолдан шығып кеткен Shacman жүк көлігін байқаған. Оқиға орнына дереу тоқтаған полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің есінен танып қалғанын анықтап, жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сосын жедел жәрдем қызметін шақыртты", - дейді полиция.
43 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, жүргізуші аман қалды.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жетісу облысында полиция қызметкері үш баланы құтқарып қалды
Жаңалықтар
0