https://sputnik.kz/20250507/zhetisu-oblysynda-politsiya-qyzmetkeri-ush-balany-qutqaryp-qaldy-53289066.html
Жетісу облысында полиция қызметкері үш баланы құтқарып қалды
Жетісу облысында полиция қызметкері үш баланы құтқарып қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 мамыр - Sputnik. Жетісу облысында полиция қызметкері түтін басқан үйден үш баланы құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz. 07.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-07T18:41+0500
2025-05-07T18:41+0500
2025-05-07T18:44+0500
полицей
жетісу облысы
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АЛМАТЫ, 7 мамыр - Sputnik. Жетісу облысында полиция қызметкері түтін басқан үйден үш баланы құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.7 мамыр – Отан қорғаушылар күні полиция майоры Мирас Даутов қызметтен тыс уақытта Көкбастау көшесімен өтіп бара жатып, көмек сұраған адамның дауысын естиді. Көшеде тұрған ер адам екі қабатты тұрғын үйде қатты түтін шығып, ішінде балалар қалып қойғанын айтып, көмекке шақырған. Мирас Даутов ойланбастан газ қызметкерімен бірге түтінге оранған үйге кіреді. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, олар 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Ересектер арасында да зардап шеккендер жоқ."Мирас Даутовтың бұл ерлігі – өз халқына адал қызмет етудің, офицерлік абырой мен антына адалдықтың жарқын көрінісі. Отан қорғаушылар күні ол нағыз батырлықтың не екенін іспен дәлелдеді", - дейді облыстық полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20241001/aqkolde-politseyler-vannadan-shyga-almay-zhatqan-qart-adamdy-qutqaryp-qaldy-47479376.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицей, жетісу облысы
Жетісу облысында полиция қызметкері үш баланы құтқарып қалды
18:41 07.05.2025 (жаңартылды: 18:44 07.05.2025) АЛМАТЫ, 7 мамыр - Sputnik. Жетісу облысында полиция қызметкері түтін басқан үйден үш баланы құтқарды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні полиция майоры Мирас Даутов қызметтен тыс уақытта Көкбастау көшесімен өтіп бара жатып, көмек сұраған адамның дауысын естиді. Көшеде тұрған ер адам екі қабатты тұрғын үйде қатты түтін шығып, ішінде балалар қалып қойғанын айтып, көмекке шақырған.
Мирас Даутов ойланбастан газ қызметкерімен бірге түтінге оранған үйге кіреді. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, олар 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Ересектер арасында да зардап шеккендер жоқ.
"Мирас Даутовтың бұл ерлігі – өз халқына адал қызмет етудің, офицерлік абырой мен антына адалдықтың жарқын көрінісі. Отан қорғаушылар күні ол нағыз батырлықтың не екенін іспен дәлелдеді", - дейді облыстық полиция департаменті.