https://sputnik.kz/20260409/zaman-ozgerdi-ariptester-deputat-eski-qazaqstannyn-erezhesin-synga-aldy-62524540.html
"Заман өзгерді, әріптестер!": депутат "ескі Қазақстанның ережесін" сынға алды
"Заман өзгерді, әріптестер!": депутат "ескі Қазақстанның ережесін" сынға алды
Sputnik Қазақстан
Мәжілістегі отырыста кәсіпкерлер "Самұрық-Қазына" қорындағы тендерлерге шағымданды 09.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-09T18:27+0500
2026-04-09T18:27+0500
2026-04-09T18:29+0500
депутат
мәжіліс
ереже
https://sputnik.kz/img/07e8/01/18/41780772_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_86983c15bda633c8754f8f8254a0a326.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мұнай-газ саласындағы "Ескі Қазақстанның ережесін" сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістегі отырыста кәсіпкерлер "Самұрық-Қазына" қорындағы тендерлерге шағымданды. Атап айтқанда, алдын ала іріктеу кезінде белгілі бір компанияларға сай келетін талаптар жасалады деген күдік бар.Оның ойынша, тендерге қатысатын компанияда барлық құжат болса, "предквалификацияның" қажеті жоқ. Ол үшін депутаттар тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуге дайын."Жалпы, "Самұрық-Қазынамен" жұмыс істеуіміз керек. Ереженің бәрін өзгерту керек. Заман өзгерді, құрметті әріптестер! Біз қазір басқа Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Конституция өзгерді. "Самұрық-Қазынаның" ережесі "Ескі Қазақстанның ережесі" болып келе жатыр. Конституцияны өзгерттік қой. Ал "Самұрық-Қазынаның" ережесін әлі өзгерте алмай жүрміз", - деді депутат.
https://sputnik.kz/20260409/deputat-ulttyq-kompaniya-basshysyna-eski-uadesin-eske-saldy-62523539.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/18/41780772_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_1a06d62ee96850f18ad5bf0087026e5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, мәжіліс, ереже
"Заман өзгерді, әріптестер!": депутат "ескі Қазақстанның ережесін" сынға алды
18:27 09.04.2026 (жаңартылды: 18:29 09.04.2026) Мәжілістегі отырыста кәсіпкерлер "Самұрық-Қазына" қорындағы тендерлерге шағымданды
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мұнай-газ саласындағы "Ескі Қазақстанның ережесін" сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістегі отырыста кәсіпкерлер "Самұрық-Қазына" қорындағы тендерлерге шағымданды. Атап айтқанда, алдын ала іріктеу кезінде белгілі бір компанияларға сай келетін талаптар жасалады деген күдік бар.
"Негізі, "предквалификационный отбор" деген бизнес сияқты. Кеше үш оператормен де сөйлестік, олардың да сондай бір схемалары бар. Өздері өткізетін компанияларды өткізеді, өткізбейтін компанияларды өткізбейді. Сөйтіп, тендерге өздеріне ыңғайлы компанияларды әкеледі. "Самұрық-Қазына" да сондай әдістерді қолданып жатқан сияқты", - деді Жаңбыршин.
Оның ойынша, тендерге қатысатын компанияда барлық құжат болса, "предквалификацияның" қажеті жоқ. Ол үшін депутаттар тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуге дайын.
"Жалпы, "Самұрық-Қазынамен" жұмыс істеуіміз керек. Ереженің бәрін өзгерту керек. Заман өзгерді, құрметті әріптестер! Біз қазір басқа Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Конституция өзгерді. "Самұрық-Қазынаның" ережесі "Ескі Қазақстанның ережесі" болып келе жатыр. Конституцияны өзгерттік қой. Ал "Самұрық-Қазынаның" ережесін әлі өзгерте алмай жүрміз", - деді депутат.