https://sputnik.kz/20260409/deputat-ulttyq-kompaniya-basshysyna-eski-uadesin-eske-saldy-62523539.html
Депутат ұлттық компания басшысына ескі уәдесін еске салды
Депутат ұлттық компания басшысына ескі уәдесін еске салды
Sputnik Қазақстан
Еділ Жаңбыршин басшыға вице-министр болған кездегі уәдесін еске салды 09.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-09T16:54+0500
2026-04-09T16:54+0500
2026-04-09T16:55+0500
компания
депутат
газ
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40822790_0:188:2000:1313_1920x0_80_0_0_f213bbb7d6d37f95773bb59acefc87b8.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин "QazaqGaz" ұлттық компаниясының төрағасына бұрынғы уәдесін еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін төменгі палатада мұнай-газ саласы бойынша сатып алынатын отандық тауарлар мен қызметтерді арттыру мәселесі қаралды. Сол кезде "QazaqGaz" ұлттық компаниясының төрағасы Әлібек Жамауов қазақстандық өнім өндірушілерге жасалатын жеңілдіктер жайында айтты.Ал Еділ Жаңбыршин оған вице-министр болған кездегі уәдесін еске салды."2030-ға дейін сұйытылған мұнай-газды толық қамтамасыз етеміз деп парламентте уәде бергенсіз. Міне, "QazaqGaz"-ға бардыңыз. Енді сол мәселені дұрыстап қолға алу керек. Мен сол кезде сіздің жауабыңызды жаттап алдым", - деді Жаңбыршин.Жамауов "Қабылданды, бұйыртса, береміз" деп қысқа ғана қайырды.Айта кетері, 2023-2025 жылдары Әлібек Жамауов энергетика вице-министрі болған.
https://sputnik.kz/20260403/baylanys-tarifi-151-protsentke-osken-deputat-iri-kompaniyany-synga-aldy-62395944.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40822790_0:0:2000:1500_1920x0_80_0_0_7f4639baa6d65c42c8cb726bafebe4d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
компания, депутат, газ
Депутат ұлттық компания басшысына ескі уәдесін еске салды
16:54 09.04.2026 (жаңартылды: 16:55 09.04.2026) Еділ Жаңбыршин басшыға вице-министр болған кездегі уәдесін еске салды
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин "QazaqGaz" ұлттық компаниясының төрағасына бұрынғы уәдесін еске салды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін төменгі палатада мұнай-газ саласы бойынша сатып алынатын отандық тауарлар мен қызметтерді арттыру мәселесі қаралды. Сол кезде "QazaqGaz" ұлттық компаниясының төрағасы Әлібек Жамауов қазақстандық өнім өндірушілерге жасалатын жеңілдіктер жайында айтты.
"Ішкі құндылықты дамыту компанияның негізгі басымдығы болып қала береді", - деді Жамауов.
Ал Еділ Жаңбыршин оған вице-министр болған кездегі уәдесін еске салды.
"2030-ға дейін сұйытылған мұнай-газды толық қамтамасыз етеміз деп парламентте уәде бергенсіз. Міне, "QazaqGaz"-ға бардыңыз. Енді сол мәселені дұрыстап қолға алу керек. Мен сол кезде сіздің жауабыңызды жаттап алдым", - деді Жаңбыршин.
Жамауов "Қабылданды, бұйыртса, береміз" деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетері, 2023-2025 жылдары Әлібек Жамауов энергетика вице-министрі болған.