"Байланыс тарифі 151 процентке өскен": депутат ірі компанияны сынға алды

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Девушка с телефоном
Девушка с телефоном - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2026
Жазылу
Тек өткен жылдың өзінде монополияға қарсы органға 1000-нан астам шағым түскен
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау ұялы байланыс тарифтеріне арналған жұмыс кездесуінде компаниялардың бірін сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Талдау Beeline тарифтерінің 151 процентке өскенін көрсетеді, бірақ бұл өсімге нақты түсініктеме берілмеді. Екіншіден, неге бұл салаға жаңа инвесторлар келмейді деп есептейсіздер? Егер нарық тартымды болса, инвестиция салуға дайын компаниялар табылар еді. Үшіншіден, неге байланыс сапасы төмен? Интернет трафигі тез таусылады, шексіз интернетке ай сайын абонементтік төлем төлейсің, соңғы 5-6 күн ол мүлдем істемейді, ауылдық жердегі жағдай тіптен мүшкіл",— дейді Тау.
Оның айтуынша, қазіргі кезде нарықта небәрі үш оператор ғана жұмыс істейді. Бұл бәсекенің әлсіреуіне және соның салдарынан тарифтердің өсуіне себеп болып отыр.
Халық тарапынан түсетін шағым да аз емес. Тек өткен жылдың өзінде монополияға қарсы органға 1000-нан астам, ал тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 1700-ден астам адам шағымданған.
Жаңалықтар
0