Футболшы Дастан Сәтпаевқа "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіФутболшы Дастан Сәтпаевқа "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды
Футболшы Дастан Сәтпаевқа Дарын мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Жазылу
Матчтарға қатысуына байланысты Дастан Сәтпаев "Дарын" сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыса алмаған болатын
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады.
Танымал қазақстандық спортшы 2025 жылғы сыйлықтың "Спорт" номинациясы бойынша лауреаты атанды.
Матчтарға қатысуына байланысты Дастан Сәтпаев 2025 жылғы 26 қарашада өткен "Дарын" сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыса алмаған болатын.
"Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Президентіміз айтқандай, кез келген еңбек қадірлі әрі ел игілігіне қызмет етеді. Спорт – салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады. Жетістіктеріңіз жастарға үлгі болып, бұл марапат сізді жаңа белестерге жетелей берсін", – деді Аида Балаева.
Айта кетейік, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорттағы жоғары жетістіктері үшін талантты жастарға табысталады.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Жас жазушылар мен ақындарға Президент сыйлығы берілді
Жаңалықтар
0