Жас жазушылар мен ақындарға Президент сыйлығы берілді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Жазылу
Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы 4 номинация бойынша тапсырылды
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы "2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:
"Проза" номинациясы бойынша "Тергеуші" туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
"Поэзия" номинациясы бойынша "Құмдағы хикая" өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
"Драматургия" номинациясы бойынша "Ақ киіз" драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
"Балалар әдебиеті" номинациясы бойынша "Жазда атамның ауылында..." өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.
Гвоздики - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Қоғам
Жас жазушы Аягүл Мантай қайтыс болды
Жаңалықтар
0