https://sputnik.kz/20260408/qazaqstan-tayau-shygysta-sogysty-toqtatu-turaly-kelisimge-qol-zhetkiziluin-quptaydy--toqaev-62476335.html
Қазақстан Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді құптайды – Тоқаев
Қазақстан Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді құптайды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим... 08.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-08T07:59+0500
2026-04-08T07:59+0500
2026-04-08T08:06+0500
ақш пен иран қақтығысы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1193/57/11935767_392:166:3516:1923_1920x0_80_0_0_31614212e70314e717e5e6edd5b59b82.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды, деп хабарлады президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.Оның айтуынша мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Бұған дейін АҚШ пен Иран атысты екі аптаға тоқтату туралы келісімге келген болатын. Дональд Трамп бұл шешімді Шахбаз Шариф және Асим Мунирмен жүргізілген келіссөздің қорытындысы бойынша қабылдағанын мәлімдеді.Кейін Иран Трамптың бітім туралы мәлімдемесінен соң АҚШ-ты жеңдік деп жариялады. Сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінде егер АҚШ бітім кезінде "болмашы қателік" жіберсе, толық жауап берілетіні туралы ескерту жасалды.
https://sputnik.kz/20260401/qazaqstan-tayau-shygystagy-turaqtylyqty-qamtamasyz-etuge-zhardemdesuge-azir--toqaev-62329044.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1193/57/11935767_757:155:3199:1987_1920x0_80_0_0_c102bb657de2512d0a1baf78d2145abe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш пен иран қақтығысы, қасым-жомарт тоқаев
ақш пен иран қақтығысы, қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді құптайды – Тоқаев
07:59 08.04.2026 (жаңартылды: 08:06 08.04.2026) АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды, деп хабарлады президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
"Бұл келісім АҚШ президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды", - деп жазды Смадияров.
Оның айтуынша мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.
Бұған дейін АҚШ пен Иран атысты екі аптаға тоқтату туралы келісімге келген болатын. Дональд Трамп бұл шешімді Шахбаз Шариф және Асим Мунирмен жүргізілген келіссөздің қорытындысы бойынша қабылдағанын мәлімдеді.
Кейін Иран Трамптың бітім туралы мәлімдемесінен соң АҚШ-ты жеңдік деп жариялады. Сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінде егер АҚШ бітім кезінде "болмашы қателік" жіберсе, толық жауап берілетіні туралы ескерту жасалды.