https://sputnik.kz/20260401/qazaqstan-tayau-shygystagy-turaqtylyqty-qamtamasyz-etuge-zhardemdesuge-azir--toqaev-62329044.html
Қазақстан Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге әзір – Тоқаев
Қазақстан Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге әзір – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманды Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын растады 01.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-01T16:54+0500
2026-04-01T16:54+0500
2026-04-01T16:54+0500
қасым-жомарт тоқаев
сауд арабиясы
https://sputnik.kz/img/07ea/04/01/62327443_0:94:1280:814_1920x0_80_0_0_a878715a87ae2a4702655b2438e06584.jpg
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән беретінін айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері, Сауд Арабиясының премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екі елдің сан қырлы ықпалдастығын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салманды Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын растады. Сауд Арбиясының елшісі Файсал Әл-Кахтани өз елінің Қазақстан Республикасымен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты.Ол жақында қол қойылған инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім, сондай-ақ екі ел арасында координациялық кеңес құру тиімді байланыстарды жандандыруға жол ашатынына назар аударды.Бұдан бөлек, дипломат Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан президентінің көрсеткен жан-жақты қолдауына Сауд Арабиясы басшылығының шынайы ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар Қазақстанның бітімгерлік келіссөздерді киелі Түркістан шаһарында өткізу туралы бастамасының өзекті екеніне тоқталды.Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз ету әрекеттеріне алдағы уақытта да жәрдемдесуге әзірлігін, сондай-ақ Сауд Арабиясына және Шығанақтағы барлық елдерге тілектестігін білдірді.
https://sputnik.kz/20260305/toqaev-saud-arabiyasynyn-taq-muragerimen-telefon-arqyly-soylesti-61631453.html
сауд арабиясы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/01/62327443_36:0:1245:907_1920x0_80_0_0_0e8508226915ea96ac37fe1ab5208c4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, сауд арабиясы
қасым-жомарт тоқаев, сауд арабиясы
Қазақстан Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге әзір – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманды Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын растады
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән беретінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері, Сауд Арабиясының премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екі елдің сан қырлы ықпалдастығын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті.
"Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман – шын мәнінде, жаһандық ауқымдағы мықты әрі беделді көшбасшы. Оның өз Отанын өркендетуді көздейтін көреген әрі прогрессивті стратегиясы, сондай-ақ халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде атқарған рөлі ең жоғары баға мен құрметке лайық", – деді Қазақстан президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салманды Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын растады. Сауд Арбиясының елшісі Файсал Әл-Кахтани өз елінің Қазақстан Республикасымен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты.
Ол жақында қол қойылған инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім, сондай-ақ екі ел арасында координациялық кеңес құру тиімді байланыстарды жандандыруға жол ашатынына назар аударды.
Бұдан бөлек, дипломат Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан президентінің көрсеткен жан-жақты қолдауына Сауд Арабиясы басшылығының шынайы ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар Қазақстанның бітімгерлік келіссөздерді киелі Түркістан шаһарында өткізу туралы бастамасының өзекті екеніне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз ету әрекеттеріне алдағы уақытта да жәрдемдесуге әзірлігін, сондай-ақ Сауд Арабиясына және Шығанақтағы барлық елдерге тілектестігін білдірді.