https://sputnik.kz/20260408/qaragandy-oblysynda-bank-qyzmetkeri-zeynetkerlerdi-aldady-degen-kudikke-ilindi-62503038.html
Қарағанды облысында банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді
Қарағанды облысында банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған 08.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-08T17:07+0500
2026-04-08T17:07+0500
2026-04-08T17:08+0500
қарағанды
зейнеткер
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1364/01/13640113_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_d3bbbafbb72a7251db90045dfc210668.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында бұрынғы банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.Полицияға 67 жастағы зейнеткер әйел жүгініп, белгісіз алам оның атына шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдегенін хабарлаған.Қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар 36 жастағы бұрынғы банк менеджері анықталды.Жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған. Күдікті сол деректерді пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген, алайда әйелге несие мақұлданбағаны туралы жалған ақпарат берген. Ал мақұлданған қаражатты өз шоттарына аударып жіберген.Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20260311/domofon-auystyramyz-zeynetker-5-mln-tengesinen-ayyryla-zhazdady-61766274.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1364/01/13640113_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_3e1e5ec6b0eec40bf7de8d5ccc7f8c83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, зейнеткер, алаяқтық
қарағанды, зейнеткер, алаяқтық
Қарағанды облысында банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді
17:07 08.04.2026 (жаңартылды: 17:08 08.04.2026) Жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында бұрынғы банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полицияға 67 жастағы зейнеткер әйел жүгініп, белгісіз алам оның атына шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдегенін хабарлаған.
Қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар 36 жастағы бұрынғы банк менеджері анықталды.
Жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған. Күдікті сол деректерді пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген, алайда әйелге несие мақұлданбағаны туралы жалған ақпарат берген. Ал мақұлданған қаражатты өз шоттарына аударып жіберген.
"Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілердің егде жастағы азаматтар екені анықталды. Сонымен қатар, полицияға күдіктінің әрекеттеріне байланысты тағы алты арыз түскен. Келтірілген жалпы шығын көлемі нақтылануда", - дейді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.