https://sputnik.kz/20260311/domofon-auystyramyz-zeynetker-5-mln-tengesinen-ayyryla-zhazdady-61766274.html
"Домофон ауыстырамыз": зейнеткер 5 млн теңгесінен айырыла жаздады
"Домофон ауыстырамыз": зейнеткер 5 млн теңгесінен айырыла жаздады
Sputnik Қазақстан
Киберполицейлер зейнеткерді алаяқтардан аман сақтап қалды 11.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-11T14:33+0500
2026-03-11T14:33+0500
2026-03-11T14:33+0500
алаяқ
алаяқтық
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866203_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_be7f0f0d056f573d5e04009b049c9e21.jpg
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Белгісіз адамдар зейнеткерге қоңырау шалып, өздерін домофон қызметінің қызметкері ретінде таныстырған. Құрылғыны ауыстыруды тіркеу үшін СМС-кодты айту керек деген. Қоңырау шалушының сөзіне сенген әйел алынған кодты хабарлаған. Біраз уақыттан кейін оған қайтадан белгісіз адамдар хабарласып, СМС-кодты бергеннен соң оның деректері рұқсатсыз алынғанын айтқан.Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел екі банк бөлімшесіне барып, қаражат шешіп, несие рәсімдемек болған.Зейнеткер полиция қызметкерлеріне қырағылық танытып, қаражатын сақтап қалуға көмектескені үшін алғысын білдірді.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866203_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_780259f08f7864e7fe3da03e4ff43681.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алаяқтық, павлодар облысы
алаяқ, алаяқтық, павлодар облысы
"Домофон ауыстырамыз": зейнеткер 5 млн теңгесінен айырыла жаздады
Киберполицейлер зейнеткерді алаяқтардан аман сақтап қалды
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Белгісіз адамдар зейнеткерге қоңырау шалып, өздерін домофон қызметінің қызметкері ретінде таныстырған. Құрылғыны ауыстыруды тіркеу үшін СМС-кодты айту керек деген. Қоңырау шалушының сөзіне сенген әйел алынған кодты хабарлаған. Біраз уақыттан кейін оған қайтадан белгісіз адамдар хабарласып, СМС-кодты бергеннен соң оның деректері рұқсатсыз алынғанын айтқан.
"Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері ретінде таныстырған. Қылмыскерлерді ұстау үшін шоттарындағы ақшаны шұғыл түрде шешіп алып, әрі қарай нұсқауларды күту қажет екенін түсіндірген", - дейді полиция.
Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел екі банк бөлімшесіне барып, қаражат шешіп, несие рәсімдемек болған.
"Банк қызметкеріне зейнеткердің бұл әрекеті күдік тудырып, ол бірден полицияға хабарлаған. Сөйтіп зейнеткердің 5 млн теңгесі алаяқтардан аман қалды", – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Әбетжанов.
Зейнеткер полиция қызметкерлеріне қырағылық танытып, қаражатын сақтап қалуға көмектескені үшін алғысын білдірді.