Кене шағуынан қалай қорғануға болады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуКене
Кене - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Жазылу
Қазіргі таңда кене шағуына байланысты 478 адам дәрігерлерге жүгінген, оның ішінде 232-сі — балалар
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Кене шағуынан қалай қорғануға болатынын және кене теріге жабысқанда не істеу керектігін біле жүріңіз.
Көктем мезгілінің басталуымен Қазақстанда кенелердің белсенділік кезеңі басталады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда кене шағуына байланысты 478 адам дәрігерлерге жүгінген, оның ішінде 232-сі — балалар. Алайда кене энцефалиті жағдайлары тіркелген жоқ.

Қауіп жоғары аймақтар

Күннің жылынуына байланысты, әсіресе табиғат аясында кенелерге тап болу қаупі артады.
Қазақстанда жұқтыру қаупі жоғары 7 эндемиялық өңір анықталған:
Алматы қаласы;
Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары;
Абай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандары.
Бірақ қарапайым алдын алу шаралары ауыр салдардың алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.

Кене шағуының профилактикасы

Мамандар кене шағуының алдын алу шаралары қарапайым әрі қолжетімді екенін айтады. Олар:
Вакцинациялау — ең сенімді қорғаныс тәсілі (алдын ала жоспарлаған жөн);
Киім — жабық, ашық түсті, жеңі тығыз манжеталы болуы тиіс;
Репелленттер — кенелерге қарсы арнайы құралдарды пайдалану;
Табиғаттағы мінез-құлық — биік шөптерден аулақ болу, өзіңізді және балаларды үнемі тексеріп отыру;
Қауіпсіз тамақтану — сүтті міндетті түрде қайнатып ішу.

Кене жабысса, не істеу керек

Егер кене теріге жабысып қалса, сабыр сақтап, дұрыс әрекет ету қажет:
кенені пинцет немесе жіп көмегімен абайлап алып тастау;
шағу орнын антисептикпен өңдеу;
мүмкіндігінше кенені зертханаға талдауға тапсыру;
міндетті түрде дәрігерге қаралу — қажет болған жағдайда 72 сағат ішінде иммуноглобулин енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлады. Кене энцефалиті бойынша ауру жағдайлары тіркелмеген. Ал кене шаққандардың басым бөлігі (97%) қажетті профилактикалық көмек алған.
Сонымен қатар елде маусымға дайындық алдын ала жүргізіліп, қауіп топтарын вакцинациялау жалғасып жатыр. Қазір вакциналар мен иммуноглобулиннің жеткілікті қоры бар. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Алматы, Алматы және Жетісу облыстарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда кене энцефалитін жұқтыру жағдайы жиілеген - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Қазақстанда кене энцефалитін жұқтыру жағдайы жиілеген
Жаңалықтар
0