Израиль Трамптың Иранға соққы жасауды тоқтату туралы шешімін қолдады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПремьер-министр Израиля Биньямин Нетаньяху
Премьер-министр Израиля Биньямин Нетаньяху - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Жазылу
Трамп Иранға соққы жасауды екі аптаға тоқтатуға келісті
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Израиль АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға соққы жасауды екі аптаға тоқтату туралы шешімін қолдайды, деп хабарлады Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі.
Бұған дейін Трамп Иранға соққы жасауды екі аптаға тоқтатуға келісетінін мәлімдеген болатын. Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Тегеран 10 сәуірде Пәкістан астанасы Исламабадта АҚШ-пен келіссөз бастайтынын хабарлады.
"Егер Иран дереу бұғаздарды ашып, АҚШ, Израиль және өңірдегі елдерге шабуылды тоқтатса, Израиль Трамптың Иранға соққы жасауды екі аптаға тоқтату туралы шешімін қолдайды", – делінген Times of Israel газеті жариялаған ведомство мәлімдемесінде.
Мәлімдемеге сәйкес, Израиль Ираннан төнетін "ядролық, зымырандық және террористік" қауіптің алдын алуға бағытталған АҚШ қабылдаған шараларды да қолдайды.
"АҚШ осы мақсаттарға қол жеткізуге дайын екенін Израильге хабарлады. Бұл АҚШ, Израиль және Израильдің өңірдегі одақтастары үшін ортақ мақсат саналады", – деп хабарлады Нетаньяху кесесі.
Сондай-ақ, мәлімдемеде екі аптаға атысты тоқтату туралы шешімнің Ливанға қатысы жоқ екені айтылған.
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Қазақстан Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді құптайды – Тоқаев
Жаңалықтар
0