Жетісу облысында балықшы адасып кетті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЗимняя рыбалка, архивное фото
Зимняя рыбалка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2026
Жазылу
Ер адам 3 сәуір күні достарымен бірге балық аулауға шығып, бағытынан адасып, жоғалып кеткен
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Жетісу облысында адасып кеткен балықшы табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
1969 жылы туған азамат Сарқан ауданында, Лепсі ауылынан шамамен 100 шақырым қашықтықта, Аягөз өзені бойында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде табылды.
Ер адам 3 сәуір күні достарымен бірге балық аулауға шығып, бағытынан адасып, жоғалып кеткен. Түнгі уақытта бағдарын жоғалтып алған. Іздестіру барысында оның басқа балықшыларға жақын жерде болғаны анықталды. Оның екі досы өздігімен үйлеріне қайтып кеткен.
Іздеу жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ПД мен туысқандары жұмылдырылды.
Құтқарылған азаматтың жағдайы қалыпты. Медициналық көмек қажет болмады.
Зимняя рыбалка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Астанада қолы ойыққа қысылып қалған балықшы бір ажалдан аман қалды
Жаңалықтар
0