https://sputnik.kz/20260218/astanada-politseyler-balyqshyny-qutqardy-61258551.html
Астанада қолы ойыққа қысылып қалған балықшы бір ажалдан аман қалды
Астанада қолы ойыққа қысылып қалған балықшы бір ажалдан аман қалды
Sputnik Қазақстан
Балықшыға полицейлер дер кезінде көмекке келді 18.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-18T16:39+0500
2026-02-18T16:39+0500
2026-02-18T16:42+0500
астана
балық аулау
балық
https://sputnik.kz/img/478/02/4780205_0:205:2913:1843_1920x0_80_0_0_02e0a5f37f094b1ed24c1522b41d2b69.jpg
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Астанада полицейлер мұз үстінде қалып қойған балықшыны құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz."102" арнасына ер адамға шұғыл көмек қажет екені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция полкінің қызметкерлері – Кенжебек Әлібаев пен Олжас Бортай жетті.Құтқару сәтінен кейін қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан айналымын қалпына келтіру үшін қол-аяғына жылыту массажын жасады. Сондай-ақ қажетті көмекті ұйымдастырып, медицина қызметкерлері келгенге дейін оның жағдайын бақылауда ұстады.Полиция азаматтарды қыс мезгілінде су айдындарында барынша сақ болуға шақырады. Мұз үстінде қауіпсіз арақашықтық сақтап, ойықтарды бір-біріне тым жақын бұрғыламау, шатырда жалғыз қалмау және әрдайым байланыс құралдарын алып жүру қажет.
https://sputnik.kz/20230113/soltustik-qazaqstanda-balyqshy-dalada-usip-oldi-31075567.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/478/02/4780205_90:0:2821:2048_1920x0_80_0_0_26ed9213ce133f1d06e3b6d4225e49af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, балық аулау, балық
астана, балық аулау, балық
Астанада қолы ойыққа қысылып қалған балықшы бір ажалдан аман қалды
16:39 18.02.2026 (жаңартылды: 16:42 18.02.2026) Балықшыға полицейлер дер кезінде көмекке келді
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Астанада полицейлер мұз үстінде қалып қойған балықшыны құтқарды, деп хабарлайды
Polisia.kz. "102" арнасына ер адамға шұғыл көмек қажет екені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция полкінің қызметкерлері – Кенжебек Әлібаев пен Олжас Бортай жетті.
"59 жастағы ер адам шатыр ішінде балық аулау кезінде екі қолын екі бөлек ойыққа тығып, өздігінен шыға алмай қалғаны анықталды. Оқиға орнына барған полицейлер жағдайды мұқият бағалап, зардап шегушіге екі жағынан жақындап, ойықтарға қысылып қалған қолдарын босатты. Кейін ер адамды мұз үстінен қауіпсіз жерге шығарып алды", - деп жазылған хабарламада.
Құтқару сәтінен кейін қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан айналымын қалпына келтіру үшін қол-аяғына жылыту массажын жасады. Сондай-ақ қажетті көмекті ұйымдастырып, медицина қызметкерлері келгенге дейін оның жағдайын бақылауда ұстады.
Полиция азаматтарды қыс мезгілінде су айдындарында барынша сақ болуға шақырады. Мұз үстінде қауіпсіз арақашықтық сақтап, ойықтарды бір-біріне тым жақын бұрғыламау, шатырда жалғыз қалмау және әрдайым байланыс құралдарын алып жүру қажет.