Қазақстан экономикасы 2026 жылы 5,5% деңгейінде өседі – ЕАДБ болжамы

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2026
Жазылу
Республиканың даму болжамын банк сарапшылары ұсынды
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Еуразия даму банкі (ЕАДБ) әлемдік экономика мен Еуразия өңіріндегі ахуалға қатысты жаңа баяндама жариялады.
ЕАДБ сарапшыларының болжауынша, жаһандық экономика қалыпты өсім қарқынын сақтап, жаңа сауда кедергілеріне біртіндеп бейімделіп келеді. Дамыған елдердегі өсім баяу күйінде қалса, ірі нарығы бар дамушы елдерде экономикалық белсенділік жоғары деңгейде сақталып отыр.
Сарапшылар әлемдік экономика мен шикізат нарықтарындағы динамика Еуразия өңіріндегі экономикалық өсімге айтарлықтай кедергі келтірмейтінін атап өтті.
ЕАДБ аналитиктері Қазақстан экономикасы 2026 жылы 5,5% деңгейінде тұрақты өседі деп болжады. Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды іске асыру және "Инвестицияға тапсырыс" мемлекеттік бағдарламасының іске қосылуы мұнай бағасы төмендеуінің кері әсерін жұмсартады.
"Сондай-ақ шикізаттық емес экспорттың артуы экономикаға қолдау болады. Орташа қатаң ақша-несие саясаты 2026 жылдың басында қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуіне байланысты инфляцияның шарықтауынан кейін, жыл соңына қарай оны 9,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Еуразиялық даму банкі.
Теңге бағамына келсек, 2026 жылы бір АҚШ доллары орташа 535 теңге болады. Банк мәліметінше, айырбас бағамын қолдайтын негізгі факторлар – жоғары базалық мөлшерлеме және шикізаттық емес экспорттың өсуі.
Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета Безопасности Республики Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Қазақстан мемлекет дамуындағы жаңа кезеңге қадам басты – Тоқаев
Жаңалықтар
0