https://sputnik.kz/20260330/qazaqstan-memleket-damuyndagy-zhana-kezenge-qadam-basty--toqaev-62277239.html
Қазақстан мемлекет дамуындағы жаңа кезеңге қадам басты – Тоқаев
Қазақстан мемлекет дамуындағы жаңа кезеңге қадам басты – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Ақордада Қазақстанның 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T18:00+0500
2026-03-30T18:00+0500
2026-03-30T18:00+0500
қазақстанның жаңа конституциясы
қауіпсіздік кеңесі
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1e/62276698_0:63:1280:783_1920x0_80_0_0_925f9a354f222895b3645789bc2e128a.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы геосаяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін пысықтау қажеттігіне назар аударды.Жиында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин орта мерзімге арналған басымдықтар, мақсатты индикаторлар мен стратегиялық тәуекелдерді басқару механизмдері жөнінде баяндады.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау арқылы мемлекет дамуындағы жаңа кезеңге қадам басып, Қазақстанның Тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сенімді түрде қорғауға мүмкіндік туды. Ал аталған Стратегия конституциялық қағидаттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етіп, еліміздің тұрақты әрі қарқынды дамуына жағдай жасайды.Мемлекет басшысы ұлттық мүддені қорғау міндеттерін сапалы орындаудың маңызына баса мән берді. Оның қатарына, атап айтқанда:Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, білім мен технология салаларында сұранысқа ие білікті шетелдік мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасайтын бағдарламаны жеделдетіп әзірлеуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1e/62276698_118:0:1229:833_1920x0_80_0_0_87cd204423b002e97a5cea965d8d0abb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстанның жаңа конституциясы , қауіпсіздік кеңесі, қасым-жомарт тоқаев
қазақстанның жаңа конституциясы , қауіпсіздік кеңесі, қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан мемлекет дамуындағы жаңа кезеңге қадам басты – Тоқаев
Ақордада Қазақстанның 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы геосаяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін пысықтау қажеттігіне назар аударды.
"Бұдан бөлек, отырыста Қазақстанның 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі саналатын бұл Стратегия алдағы бес жылда болуы ықтимал сын-қатерлерге төтеп берудің негізгі тәсілдерін анықтайды", - деп жазылған хабарламада.
Жиында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин орта мерзімге арналған басымдықтар, мақсатты индикаторлар мен стратегиялық тәуекелдерді басқару механизмдері жөнінде баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау арқылы мемлекет дамуындағы жаңа кезеңге қадам басып, Қазақстанның Тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сенімді түрде қорғауға мүмкіндік туды. Ал аталған Стратегия конституциялық қағидаттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етіп, еліміздің тұрақты әрі қарқынды дамуына жағдай жасайды.
Мемлекет басшысы ұлттық мүддені қорғау міндеттерін сапалы орындаудың маңызына баса мән берді. Оның қатарына, атап айтқанда:
қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
азаматтарды, қоршаған ортаны және ақпараттық кеңістікті қорғау деңгейін арттыру;
киберқауіпсіздік шараларын күшейту және әлеуметтік-экономикалық саладағы тәуекелдерді азайту мәселелері кіреді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, білім мен технология салаларында сұранысқа ие білікті шетелдік мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасайтын бағдарламаны жеделдетіп әзірлеуді тапсырды.