Бірнеше күн бұрын өзенге құлап кеткен бүлдіршіннің денесі табылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевРека Урал
Река Урал - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2026
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Түркістан облысындағы Машат ауылында суға батып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"4 сәуірде Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат елді мекені Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың денесін тапты", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.
Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Нәтижесінде баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылды.
Есіл өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Арқан арқылы судан өтпек болған ер адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар
0