https://sputnik.kz/20250515/arqan-arqyly-suden-otpek-bolgan-er-adamnyn-mayiti-tabyldy-53577531.html
Арқан арқылы судан өтпек болған ер адамның мәйіті табылды
Арқан арқылы судан өтпек болған ер адамның мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
Марқұм болған жігіт әскери қызметкер болған 15.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-15T17:39+0500
2025-05-15T17:39+0500
2025-05-15T18:17+0500
құтқару
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820582_0:126:3073:1854_1920x0_80_0_0_8902b2e6f17e11913713e594085f1d58.jpg
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Жетісу облысы Кербұлақ ауданында ағысы қатты өзенге құлап кеткен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Марқұм болған жігіт әскери қызметкер болған. Оның денесі бүгін табылды.Іздеу-құтқару жұмыстары бірнеше күн бойы табиғи және ауа-райының қиын жағдайында жүргізілген. Операцияға барлығы 98 адам мен 22 техника жұмылдырылған.Еске сала кетейік, 12 мамырда әлеуметтік желіде оқыс оқиғаның бейнежазбасы тарады. Ағысы қатты судан аспалы арқан арқылы өтпек болған ер адам өзенге құлап кетті. Оқиғаны қасында жүрген таныстары ұялы телефонға түсіріп тұрған.
https://sputnik.kz/20250515/aqtobede-suga-ketken-adamdy-tuystaryna-aytpay-zherlep-tastagan-53549101.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820582_165:0:2896:2048_1920x0_80_0_0_b497ed43bf7b752b5850cfc35269514c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құтқару, әскери қызметкер
құтқару, әскери қызметкер
Арқан арқылы судан өтпек болған ер адамның мәйіті табылды
17:39 15.05.2025 (жаңартылды: 18:17 15.05.2025) Марқұм болған жігіт әскери қызметкер болған
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Жетісу облысы Кербұлақ ауданында ағысы қатты өзенге құлап кеткен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Марқұм болған жігіт әскери қызметкер болған. Оның денесі бүгін табылды.
"Оқиға орнынан 15 км төмен жерде ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін тауып, судан шығарып алды .Табылған кезде ол ішінара киімде болған. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді, сот-медициналық сараптама жасалып жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Іздеу-құтқару жұмыстары бірнеше күн бойы табиғи және ауа-райының қиын жағдайында жүргізілген. Операцияға барлығы 98 адам мен 22 техника жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 12 мамырда әлеуметтік желіде оқыс оқиғаның бейнежазбасы тарады. Ағысы қатты судан аспалы арқан арқылы өтпек болған ер адам өзенге құлап кетті. Оқиғаны қасында жүрген таныстары ұялы телефонға түсіріп тұрған.