"Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды": Сәденов Алматыдағы жол апаты туралы айтты

© Photo : Скриншот видео из социальных сетейСмертельное ДТП в Алматы
Смертельное ДТП в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2026
Жазылу
ІІМ Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша істі тергеуде жұмысты күшейтті
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматыда Әл-Фараби даңғылында 3 адамның өмірін қиған жол апатының мән-жайы жан-жақты әрі объективті тергеп-тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апатына байланысты мемлекет басшысы 2026 жылы 30 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында арнайы тапсырма берген еді.
Министр кінәлілердің жазадан жалтармауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатқанын жазды.
"Аталған жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ZEEKR автокөлігінің жүргізушісін сот шешімімен қамауға алу шарасы қабылданды. Оның апат кезінде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды", - деп жазды министр.
Ол сонымен қатар бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетсіздігі және мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі фактілері бойынша да қылмыстық істер қозғалғанын айтты. Тергеуді ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізуде. Қоғамда таралған барлық мәлімет тексерілуде.
Министрдің айтуынша, жағдайға объективті баға беру үшін Алматы қаласына ІІМ комиссиясы — Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Әкімшілік полиция комитеті және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент жіберілді.
Қызметте жіберілген кемшіліктер үшін Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.
"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Барлық кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ешкім де мәртебесіне, лауазымына және байланыстарына қарамастан, жауапкершіліктен жалтара алмайды", — деп жазды Сәденов.
Қазіргі уақытта қызметтік тәртіпті күшейту және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда.
Қалаға басқа өңірлерден полиция жасақтары жіберілді. Кең ауқымды тексеру және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Алғашқы күндердің өзінде 4,8 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегінің жолы кесілді. Оның ішінде мас күйінде көлік басқару, қарсы жолаққа шығу, жалған нөмір қолдану және жүргізу құқығынсыз көлік басқару фактілері бар. 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Осындай күшейтілген іс-шаралар бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 21 наурызда т.нде Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жол апаты болды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан Zeekr маркалы көлігі "Mercedes"-ке соғылды. Екінші көлікте отырған үш адам да сол жерде тіл тартпай кетті. Ал апатқа кінәлі делінген Zeekr жүргізушісі ауыр жарақат алып ауруханада жатыр.
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: күдікті ауруханада жатыр
Жаңалықтар
0