Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: күдікті ауруханада жатыр

© Photo : Sergek GroupМобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Жазылу
Жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының полициясы Әл-Фараби даңғылында ZEEKR маркалы көліктің қатысуымен болған жол апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ZEEKR жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, "Мерседеспен" соқтығысқан. Сол көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал кінәлі жүргізуші дене жарақаттарын алған. Осыдан кейін әлеуметтік желіде ZEEKR иесіне қатысты ақпарат тарала бастады. Оның біреумен жарысқаны жайында жазылды. Ал халық көлік иесіне қатысты қандай шара қолданылғанын ашық айтуды талап еттті.
"Қазіргі уақытта күзеттің бақылауымен медициналық мекемеде жатыр. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалатын болады", - дейді полицейлер.
Осы оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталды. Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік іс жүргізу басталды. Барлық материал сотқа жолданды, Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар да тәркіленді.
"Сонымен қатар, жүргізушінің алкогольдік немесе өзге де мас күйде болған-болмағанын анықтау мақсатында медициналық куәландыру тағайындалды. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады. Бұдан бөлек, жүргізушіге қатысты Жол қозғалысы қағидаларын бұзудың өзге де деректері бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды", - делінген ресми хабарламада.
Полиция кінәлі адамдардың барлығы заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын айтып отыр.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бапта 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Төрт адамның өмірін қиған жол апаты: сотталушы ақталды
Жаңалықтар
0