Қазақстан мен Ресей жаңа газ құбыры бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

© Photo : Энергетика министрлігігаздандыру
газдандыру - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2026
Жазылу
2025 жылдың қазан айында Қазақстан мен Ресей жаңа магистральдық газ құбырын салу туралы құжаттарға қол қойды
АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Ресей жаңа газ құбыры бойынша келіссөзді бастады, қазір техникалық және коммерциялық мәселелер талқыланып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға QazaqGaz баспасөз қызметі.
Құбыр ұзындығы шамамен 540 км болады және Астанадан Петропавл қаласына дейін, одан әрі Ресей шекарасына дейін созылады.
Ресей тарапынан жоспар бойынша Қазақстан шекарасына дейін шамамен 118 км құбыр тарту қарастырылған.
Жаңа газ құбыры Қызылорда мен Астананы қосқан қазақстандық "Сарыарқа" магистральдық газ құбырының жалғасы болады.
Құбыр Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы аумақтарын газдандыруға мүмкіндік береді. Газ 2030 жылы жеткізіледі деп жоспарланған.
2025 жылдың қазан айында Қазақстан мен Ресей жаңа магистральдық газ құбырын салу туралы құжаттарға қол қойды.
МАЭК - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2026
Ақтауда 220 млн долларға жаңа бу-газ қондырғысы салынады
Жаңалықтар
0