Ақтауда 220 млн долларға жаңа бу-газ қондырғысы салынады

МАЭК - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2026
Жазылу
Нысан 2027 жылы маусымда пайдалануға беріледі
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Қазақстан Үкіметі Ақтауда қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу туралы келісімді мақұлдады.
Құжатқа энергетика министрлігі мен Қытай мемлекеттік корпорациясының қатысуымен құрылған "Ақтау энергетикалық компаниясы" ЖШС қол қояды.
"Жобаға құйылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 108 млрд теңге, оның ішінде қытайлық инвестор 70% және қазақстандық тарап 30% үлес қосады. "МАЭК" серіктестігі алаңындағы бу-газ қондырғысы 2027 жылы маусымда пайдалануға беріледі деп жоспарланған", - дейді Үкімет.
Келісім шарттары бойынша инвестор қазақстандық мамандар үшін 300-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға міндеттеледі.
Бұдан басқа, Қытайдың бейінді жоғары оқу орындарында "Электр энергетикасы" мамандығы бойынша магистратурада қызметкерлерді оқытуға жыл сайын гранттар беру көзделген.
Сондай-ақ үздіксіз оқыту жүйесін енгізу және қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыру жоспарланған.
"Келісім мерзімі аяқталғаннан кейін бу - газ қондырғысы "МАЭК" ЖШС балансына өтеусіз берілетін болады", - деп атап өтті Үкімет.
Инвестициялар қуат тапшылығының орнын толтыруға, өңірді электрмен жабдықтау көлемін арттыруға және тұтастай алғанда елдің энергия жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлады министрлер кабинеті.
Авария на МАЭК - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2024
Үкімет резервінен МАЭК қызметін қолдауға 5 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтар
0