https://sputnik.kz/20260403/qazaqstan-eaeo-elderine-mashina-zhasau-onimderin-eksporttaudy-eki-esege-arttyrdy-62378363.html
Қазақстан ЕАЭО елдеріне машина жасау өнімдерін экспорттауды екі есеге арттырды
Қазақстан ЕАЭО елдеріне машина жасау өнімдерін экспорттауды екі есеге арттырды
Sputnik Қазақстан
Саланың бес жылдық дамуының нәтижелері Астанадағы өнеркәсіптік форумда қорытындыланды 03.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-03T14:50+0500
2026-04-03T14:50+0500
2026-04-03T14:52+0500
өндіріс
экспорт
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1d/50370690_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_69f62f8b713b3ed62a987efd42f6053d.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Машина жасауды жылдам қарқынмен дамыту керек, деп мәлімдеді Қазақстан "Машина жасаушылар одағы" ЗТБ директорының орынбасары Махамбет Меңдіғалиев.Ол саланың басты мақсаты импортты алмастыру екенін айтып, экспортты кеңейту бойынша да ауқымды жоспарлар бар екенін жеткізді."Ресей біздің ең ірі іскерлік серіктестеріміздің бірі. Тиісінше, біз сала бойынша ресейлік әріптестерімізбен өте тығыз жұмыс істейміз", - деді Меңдіғалиев.ЕАЭО-ның басқа елдерімен де белсенді ынтымақтастық жүріп жатыр. Спикер соңғы бес жылда Қазақстанның экспорты екі есеге өскенін айтты.2025 жылдың соңына қарай Қазақстанның машина жасау саласының көлемі 5,7 триллион теңгені құрады. Ал бұл салаға салынған инвестиция 360 миллиард теңгеден асты."Бұл саланың өте жақсы және тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Ең болмағанда, біз оң динамиканы көріп отырмыз және бұл осы саланың жалпы болашақтағы дамуын анықтайды", - деді Меңдіғалиев.
https://sputnik.kz/20260327/qazaqstan-zhi-bazasynda-eaeo-dagy-zhuk-agyndaryn-uylestiru-platformasyn-qurudy-usyndy-62203357.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1d/50370690_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_449e373b2991dd06f372f983a3b2f63f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс, экспорт, еаэо
Қазақстан ЕАЭО елдеріне машина жасау өнімдерін экспорттауды екі есеге арттырды
14:50 03.04.2026 (жаңартылды: 14:52 03.04.2026) Саланың бес жылдық дамуының нәтижелері Астанадағы өнеркәсіптік форумда қорытындыланды
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Машина жасауды жылдам қарқынмен дамыту керек, деп мәлімдеді Қазақстан "Машина жасаушылар одағы" ЗТБ директорының орынбасары Махамбет Меңдіғалиев.
Ол саланың басты мақсаты импортты алмастыру екенін айтып, экспортты кеңейту бойынша да ауқымды жоспарлар бар екенін жеткізді.
"Ресей біздің ең ірі іскерлік серіктестеріміздің бірі. Тиісінше, біз сала бойынша ресейлік әріптестерімізбен өте тығыз жұмыс істейміз", - деді Меңдіғалиев.
ЕАЭО-ның басқа елдерімен де белсенді ынтымақтастық жүріп жатыр. Спикер соңғы бес жылда Қазақстанның экспорты екі есеге өскенін айтты.
"Біз 1,3 миллиард теңгеден бастадық, қазір 3,3 миллиард теңгеге жеттік. Бізде машина жасау саласындағы өнімдеріміз жыл сайын әлемдік нарықтарға шығу үшін экспорттық әлеуетін арттырып келеді", - деді Машина жасаушылар одағының өкілі.
2025 жылдың соңына қарай Қазақстанның машина жасау саласының көлемі 5,7 триллион теңгені құрады. Ал бұл салаға салынған инвестиция 360 миллиард теңгеден асты.
"Бұл саланың өте жақсы және тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Ең болмағанда, біз оң динамиканы көріп отырмыз және бұл осы саланың жалпы болашақтағы дамуын анықтайды", - деді Меңдіғалиев.