Қазақстан ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестіру платформасын құруды ұсынды

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаМежправительственный совет ЕАЭС в расширенном составе проходит в Шымкенте
Межправительственный совет ЕАЭС в расширенном составе проходит в Шымкенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзит пен логистика тұрғысынан елеулі артықшылықтарға ие екенін, бірақ бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажеттігін атап өтті.
"ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзит пен логистика тұрғысынан елеулі артықшылықтарға ие. Алайда бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажет. Осы ретте, жасанды интеллект базасында жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құру ұсынылады, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуға, бизнес шығындарын азайтуға және еуразиялық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Олжас Бектенов.
ЕАЭО аясындағы сыртқы сауда саясаты мүше мемлекеттердің тауарларын экспорттау үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдері, сондай-ақ беделді өңірлік бірлестіктермен өзара іс-қимыл перспективалы бағыттар деп аталды.
"Мұндай ынтымақтастық ЕАЭО тауарлары мен қызметтерінің сыртқы нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды, экономиканы нығайтуға және халықаралық өндірістік тізбектерді дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Межправительственный совет ЕАЭС в расширенном составе проходит в Шымкенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық ету кезеңіндегі басымдықтары белгіленді — Бектенов
Жаңалықтар
0