https://sputnik.kz/20260403/aqtobede-samokatty-zhalga-beru-arqyly-qarzhy-piramidasyn-uyymdastyrgandar-sottaldy-62378586.html
Ақтөбеде самокатты жалға беру арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
Ақтөбеде самокатты жалға беру арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Азаматтарды тарту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама жүргізіліп, офлайн кездесулер мен таныстырылымдар ұйымдастырылған 03.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-03T10:32+0500
2026-04-03T10:32+0500
2026-04-03T10:32+0500
ақтөбе
қаржы пирамидасы
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/01/57519003_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_edda0956c8f02a21ae6562934bd0054d.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында "Harmony Rider Technology" қаржы пирамидасына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Бір топ тұлғаға қаржы пирамидасын құру, оған басшылық ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша айып тағылды.2024 жылы бір топ адам өзін шетелде электросамокаттарды сатып алып, жалға берумен айналысатын халықаралық компания ретінде таныстырып, қаржы пирамидасының жұмысын ұйымдастырған. Салымшыларға төленетін табыс жаңа қатысушылардан тартылған қаражат есебінен қалыптасқан.Қаражатты заңдастыру үшін олар криптоәмияндар арқылы айналымға шығарып, кейін айырбастап, банк шоттарына аударып отырған.Заңсыз әрекеттер салдарынан қаржы пирамидасына 115 салымшыдан жалпы сомасы 197 млн теңгеден астам қаражат тартылған. Осы қаражатқа ұйымдастырушылар 3 автокөлік сатып алып, оның бірін туысының атына рәсімдеген."Сот үкімімен ұйымдастырушыларға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот шешімімен 3 автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді", - дейді қаржылық мониторинг агентттігінде.
https://sputnik.kz/20260330/10-mlrd-tenge-zalal-qarzhy-piramidasyn-uyymdastyrgan-kudikti-gruziyadan-ekstraditsiyalandy--62256961.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/01/57519003_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_505532d44c826fbc94f70e96034f5104.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, қаржы пирамидасы, сот үкімі
ақтөбе, қаржы пирамидасы, сот үкімі
Ақтөбеде самокатты жалға беру арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
Азаматтарды тарту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама жүргізіліп, офлайн кездесулер мен таныстырылымдар ұйымдастырылған
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында "Harmony Rider Technology" қаржы пирамидасына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Бір топ тұлғаға қаржы пирамидасын құру, оған басшылық ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша айып тағылды.
2024 жылы бір топ адам өзін шетелде электросамокаттарды сатып алып, жалға берумен айналысатын халықаралық компания ретінде таныстырып, қаржы пирамидасының жұмысын ұйымдастырған. Салымшыларға төленетін табыс жаңа қатысушылардан тартылған қаражат есебінен қалыптасқан.
"Азаматтарды тарту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама жүргізіліп, офлайн кездесулер мен таныстырылымдар ұйымдастырылған. Заңдылық көрінісін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе қаласында кеңсе жалға алынып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. Салым сомасы 350-ден 20 000 АҚШ долларына дейін болған, ал уәде етілген табыс тәулігіне 12-ден 690 АҚШ долларына дейін жеткен", - дейді агенттікте.
Қаражатты заңдастыру үшін олар криптоәмияндар арқылы айналымға шығарып, кейін айырбастап, банк шоттарына аударып отырған.
Заңсыз әрекеттер салдарынан қаржы пирамидасына 115 салымшыдан жалпы сомасы 197 млн теңгеден астам қаражат тартылған. Осы қаражатқа ұйымдастырушылар 3 автокөлік сатып алып, оның бірін туысының атына рәсімдеген.
"Сот үкімімен ұйымдастырушыларға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот шешімімен 3 автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді", - дейді қаржылық мониторинг агентттігінде.