https://sputnik.kz/20260330/10-mlrd-tenge-zalal-qarzhy-piramidasyn-uyymdastyrgan-kudikti-gruziyadan-ekstraditsiyalandy--62256961.html
10 млрд теңге залал: қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10 млрд теңге залал: қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T10:22+0500
2026-03-30T10:22+0500
2026-03-30T10:23+0500
қаржы пирамидасы
грузия
экстрадицияланды
күдікті
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1e/62256311_0:13:543:318_1920x0_80_0_0_3f9188b95adbe8a5d3c4efadaa3adc75.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген күдікті Грузиядан экстрадицияланды.Ол экономикалық қызмет саласында бірқатар қасақана ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында елге жеткізілді. Сыбайлас қатысушылардың бірқатары бұрын бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2026 жылғы ақпан айында ол Грузия аумағында ұсталды.Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
https://sputnik.kz/20251215/astanada-qarzhy-piramidasy-salymshylaryn-136-mln-tengege-aldap-ketti-59609942.html
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1e/62256311_17:0:528:383_1920x0_80_0_0_dd5aebeb4773de6d9669e2b8f8491b83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, грузия, экстрадицияланды, күдікті, бас прокуратура
қаржы пирамидасы, грузия, экстрадицияланды, күдікті, бас прокуратура
10 млрд теңге залал: қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10:22 30.03.2026 (жаңартылды: 10:23 30.03.2026) Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген күдікті Грузиядан экстрадицияланды.
Ол экономикалық қызмет саласында бірқатар қасақана ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында елге жеткізілді.
"Тергеу барысында күдіктінің ұйымдасқан топ құрамында бола отырып, 2019–2021 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарғаны анықталды. Қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде азаматтарға жоғары табыс табуға уәде беру арқылы 10 млрд теңгеден астам қаражат тартылған", - дейді Бас прокуратура.
Сыбайлас қатысушылардың бірқатары бұрын бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2026 жылғы ақпан айында ол Грузия аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.