https://sputnik.kz/20260402/soltustik-qazaqstan-oblysyndagy-su-qoymalarynda-taulik-boyy-kezekshilik-uyymdastyryldy-62334253.html
Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Sputnik Қазақстан
Сергеев су қоймасының толуы – жыл сайын қайталанатын табиғи процесс 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T08:06+0500
2026-04-02T08:06+0500
2026-04-02T08:06+0500
министрлік
солтүстік қазақстан облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1e/56702422_0:0:1019:574_1920x0_80_0_0_cb9421adf56397e584fe0cbd3671a3e0.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлады су ресурстары жіне ирригация министрлігі.Министрләк хабарлауынша, әр төрт сағат сайын су қоймаларындағы су көлемі мен су жіберу көрсеткіштері туралы мәліметтер өңделіп, мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының Түмен облысы бойынша Төменгі Обь бассейндік су басқармасына жолданып отырады.2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Сергеев су қоймасындағы су көлемі 706,1 млн текше метр. Қазіргі уақытта нысаннан секундына 32,8 текше метр көлемінде су жіберіліп жатыр. Бөгет жотасы арқылы судың асуы 8 сантиметрді құрап отыр. Су тасқыны басталғалы бері су қоймасына 51 млн текше метр су келіп түскен, оның 9 млн текше метрі жіберілген.Петропавл су қоймасында 2026 жылдың 29 наурызынан бастап су деңгейін реттеу жұмыстары қақпаларды басқару арқылы жүргізіліп, су жіберу көлемі кезең-кезеңімен ұлғайтылып жатыр. Жалпы алғанда, өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты, Сергеев және Петропавл су қоймалары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
https://sputnik.kz/20260324/su-tasqynyna-dayyndyq-shygys-qazaqstanda-qar-qatty-erip-zhatyr-62128384.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1e/56702422_91:0:940:637_1920x0_80_0_0_3f7e5484e3aa91807645740405249cf3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, солтүстік қазақстан облысы, су тасқыны
министрлік, солтүстік қазақстан облысы, су тасқыны
Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Сергеев су қоймасының толуы – жыл сайын қайталанатын табиғи процесс
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлады су ресурстары жіне ирригация министрлігі.
Министрләк хабарлауынша, әр төрт сағат сайын су қоймаларындағы су көлемі мен су жіберу көрсеткіштері туралы мәліметтер өңделіп, мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының Түмен облысы бойынша Төменгі Обь бассейндік су басқармасына жолданып отырады.
"Сергеев су қоймасының толуы – жыл сайын қайталанатын табиғи процесс. Нысан су көлемі артқан жағдайда артық судың бөгет жотасы арқылы автоматты түрде асуына мүмкіндік беретіндей етіп жобаланған. Бұл су қоймасының өзіне де, маңындағы елді мекендерге де қауіп төндірмейді. Сонымен қатар мұндай су асуы күздің соңына дейін жалғасуы мүмкін", – деді "Қазсушар" РМК Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Ержан Кусумбаев.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Сергеев су қоймасындағы су көлемі 706,1 млн текше метр. Қазіргі уақытта нысаннан секундына 32,8 текше метр көлемінде су жіберіліп жатыр. Бөгет жотасы арқылы судың асуы 8 сантиметрді құрап отыр. Су тасқыны басталғалы бері су қоймасына 51 млн текше метр су келіп түскен, оның 9 млн текше метрі жіберілген.
Петропавл су қоймасында 2026 жылдың 29 наурызынан бастап су деңгейін реттеу жұмыстары қақпаларды басқару арқылы жүргізіліп, су жіберу көлемі кезең-кезеңімен ұлғайтылып жатыр. Жалпы алғанда, өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты, Сергеев және Петропавл су қоймалары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.