https://sputnik.kz/20260402/aqyly-zholdarda-lazerlik-zhuye-ornatyldy-62366054.html
Ақылы жолдарда лазерлік жүйе орнатылды
Ақылы жолдарда лазерлік жүйе орнатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы жолдарда лазерлік қауіпсіздік жүйесін орнатуға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T17:48+0500
2026-04-02T17:48+0500
2026-04-02T17:48+0500
ақылы жол
қазавтожол
https://sputnik.kz/img/07ea/04/02/62365889_0:244:2560:1684_1920x0_80_0_0_286a39b2df4571da6ac58d2d015f0d39.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы жолдарда лазерлік қауіпсіздік жүйесін орнатуға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инновациялық жүйе 22 ақылы жолда орнатылып жатыр. Соның ішінде Астана – Щучинск, Алматы – Қорғас, Шымкент – Тараз, Орал – Ресей Федерациясы шекарасы және басқа стратегиялық маңызы жолдар бар."Жаңа технология ең алдымен қараңғы уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Лазерлік қондырғылар жүргізушінің көру аймағына айқын жарық сызықтарын проекциялап, жол бойында нақты визуалды бағдар қалыптастырады. Әсіресе, мұндай жүйе ұзақ қашықтықтағы трассаларда жоғары тиімділігін көрсетеді. Себебі дәстүрлі жол таңбалары мен белгілер кей жағдайда көрінбей қалуы мүмкін", - дейді компания мамандары.Лазерлік жүйенің негізгі мақсаты:Халықаралық тәжірибе де бұл технологияның тиімділігін растап отыр. Жүргізушілердің лазерлік сигналдарға реакциясы дәстүрлі құралдармен салыстырғанда әлдеқайда жылдам, ал мұндай учаскелерде жол апаттарының деңгейі 40-50%-ға дейін төмендейді. Қазақстандық көлік жүргізушілері де жаңа технологияға оң баға беріп жатыр.Айта кетері, "Астана – Теміртау" тас жолында лазерлік жүйені сынақтан өткізген болатын.
https://sputnik.kz/20250919/astana---temirtau-tas-zholynda-lazerlik-zhuye-ornatyldy-57214534.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/02/62365889_0:4:2560:1924_1920x0_80_0_0_fbe75b16afb651757f579ab9c322b502.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақылы жол, қазавтожол
Ақылы жолдарда лазерлік жүйе орнатылды
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы жолдарда лазерлік қауіпсіздік жүйесін орнатуға кірісті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инновациялық жүйе 22 ақылы жолда орнатылып жатыр. Соның ішінде Астана – Щучинск, Алматы – Қорғас, Шымкент – Тараз, Орал – Ресей Федерациясы шекарасы және басқа стратегиялық маңызы жолдар бар.
"Жаңа технология ең алдымен қараңғы уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Лазерлік қондырғылар жүргізушінің көру аймағына айқын жарық сызықтарын проекциялап, жол бойында нақты визуалды бағдар қалыптастырады. Әсіресе, мұндай жүйе ұзақ қашықтықтағы трассаларда жоғары тиімділігін көрсетеді. Себебі дәстүрлі жол таңбалары мен белгілер кей жағдайда көрінбей қалуы мүмкін", - дейді компания мамандары.
Лазерлік жүйенің негізгі мақсаты:
қозғалыс жылдамдығы мен бағытын уақытылы түзету;
ұзақ әрі бірсарынды учаскелерде рөлде қалғып кету қаупін азайту;
жүргізушінің зейінін арттыру;
жол жағдайын қабылдауды жақсарту.
Халықаралық тәжірибе де бұл технологияның тиімділігін растап отыр. Жүргізушілердің лазерлік сигналдарға реакциясы дәстүрлі құралдармен салыстырғанда әлдеқайда жылдам, ал мұндай учаскелерде жол апаттарының деңгейі 40-50%-ға дейін төмендейді. Қазақстандық көлік жүргізушілері де жаңа технологияға оң баға беріп жатыр.
Айта кетері, "Астана – Теміртау" тас жолында лазерлік жүйені
сынақтан өткізген болатын.