"Астана - Теміртау" тас жолында лазерлік жүйе орнатылды

"Астана - Теміртау" тас жолында лазерлік жүйе орнатылды
Астана - Теміртау тас жолында лазерлік жүйе орнатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
Жазылу
Аталған жүйе түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында "Астана - Теміртау" тас жолында лазерлік жүйе орнатылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Инновациялық белсенді лазерлік ескерту жүйесі тас жодың 1402 шақырымында Ошағанды ауылының маңында сынақ режимінде уақытша орнатылған.

"Аталған жүйе түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Арнайы сәулелік белгілер жүргізушінің көру аймағына тікелей түсіп, қауіпті жағдайларда дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл жол-көлік оқиғаларына әкелетін шаршау, зейіннің төмендеуі және шектеулі көріну мәселелерін азайтуға септігін тигізеді", - делінген "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ресми хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, жүргізушілердің лазерлік сигналдарға жауап қайтару уақыты дәстүрлі жол белгілеріне қарағанда бірнеше есе жылдам. Шетелдік тәжірибеге сәйкес, мұндай технология енгізілген учаскелерде апат көрсеткіші 40-50 пайызға төмендеген.
Ошағанды ауылы маңындағы қондырғы Қазақстан аумағында жүзеге асырылып отырған алғашқы тәжірибелік жоба болып саналады.
Медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2025
Тәулік бойы жұмыс істейді: медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылды
Жаңалықтар
0