https://sputnik.kz/20260402/almatyda-zhana-avtobus-bagyty-iske-qosylady-62342841.html
Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады
Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Автобустар бұрын қоғамдық көлік жүрмеген Бұқар жырау бульвары бойымен де қатынайды 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T09:16+0500
2026-04-02T09:16+0500
2026-04-02T09:20+0500
алматы
автобус
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07ea/04/02/62342597_0:225:481:496_1920x0_80_0_0_05ebc39625e7f658d94d1c6670bacd75.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Алматыда 4 сәуірден бастап №130 жаңа қалалық автобус бағыты іске қосылады, деп хабарлады қалалық әкімдік.Бұл бағыт көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың қатынау жайлылығын жақсартуға бағытталған. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.Қозғалыс аралығы 9 минут, бұл жолаушыларға ұзақ күтпей, сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді."№130 бағыт Қалқаман шағынауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухананы "Көктөбе" соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың жалпы ұзындығы 21,5 км. Автобустар күн сайын сағат 05:30-дан 23:00-ге дейін қатынайды", - дейді әкімдікте.Бағыт бойында автобустар Райымбек батыр, Сейфуллин, Достық даңғылдары, Сәтбаев көшесі және қаланың басқа да маңызды көшелері арқылы өтеді. Сондай-ақ автобустар бұрын қоғамдық көлік жүрмеген Бұқар жырау бульвары бойымен де қатынайды.
https://sputnik.kz/20260331/qazaqstandagy-arbir-besinshi-moped-almatyda-tirkelgen-62304338.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/02/62342597_0:180:481:541_1920x0_80_0_0_b9547505c021fbfd1ee3f2f0d160b174.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус, әкімдік
Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады
09:16 02.04.2026 (жаңартылды: 09:20 02.04.2026) Автобустар бұрын қоғамдық көлік жүрмеген Бұқар жырау бульвары бойымен де қатынайды
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Алматыда 4 сәуірден бастап №130 жаңа қалалық автобус бағыты іске қосылады, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Бұл бағыт көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың қатынау жайлылығын жақсартуға бағытталған. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.
"Күн сайын желіге Yutong маркалы 15 автобус шығарылады. Бұл ұзындығы 10 метр болатын заманауи төмен еденді автобустар. Әрқайсысына 80 жолаушыға дейін сыяды, бұл қарбалас уақытта жолаушыларға тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Қозғалыс аралығы 9 минут, бұл жолаушыларға ұзақ күтпей, сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді.
"№130 бағыт Қалқаман шағынауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухананы "Көктөбе" соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың жалпы ұзындығы 21,5 км. Автобустар күн сайын сағат 05:30-дан 23:00-ге дейін қатынайды", - дейді әкімдікте.
Бағыт бойында автобустар Райымбек батыр, Сейфуллин, Достық даңғылдары, Сәтбаев көшесі және қаланың басқа да маңызды көшелері арқылы өтеді. Сондай-ақ автобустар бұрын қоғамдық көлік жүрмеген Бұқар жырау бульвары бойымен де қатынайды.