Қазақстандағы әрбір бесінші мопед Алматыда тіркелген

© Sputnik/Ертай Сарбасов В Казахстане начали действовать новые правила для владельцев мопедов
 В Казахстане начали действовать новые правила для владельцев мопедов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда былтыр сәуірден тамызға дейін тіркелген мотоциклдер саны 115,9 мыңнан 135,3 мыңға дейін өскен. Яғни, төрт ай ішінде көрсеткіш 16,7%-ке артқан, деп хабарлады Energyprom.kz.
2024 жылы 4,9 мың мотоцикл тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 9,4 есеге өсіп, 46,2 мың бірлікке жетті.

"Қазақстанда мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер және мопедтер саны айтарлықтай артқан. Былтыр 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Енді оларды тіркеу, техникалық тексеруден өткізу және сақтандыру талап етіледі, сондай-ақ бұл көлік құралын пайдаланатындар жүргізуші куәлігін алуға міндетті", - деп жазды портал.

Ішкі істер министрлігінің пилоттық жобасы аясында скутерге арналған алғашқы мемлекеттік нөмір Алматыда былтыр 20 қаңтарда берілді.
Айта кетері, қозғалтқыш көлемі 125 текше сантиметрден аспайтын және қуаты 11 кВт-тан төмен мотоциклдердің 66%-дан астамы Қытайда шығарылған модельдерге тиесілі.
Мотоцикл саны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр – 9,4 мың бірлік. Қазақстандағы әрбір бесінші мопед осы қалада тіркелген. Одан кейін Алматы облысы – 6,2 мың, Жамбыл облысы – 2,6 мың, Түркістан облысы – 2,5 мың, Ақмола облысы – 2,4 мың және Қарағанды облысы – 2,4 мың бірлік.
Мопеды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Көшеде мопед көбейді – полиция ескерту жасады
Жаңалықтар
0