https://sputnik.kz/20250318/koshede-moped-kobeydi--politsiya-eskertu-zhasady-51723192.html
Көшеде мопед көбейді – полиция ескерту жасады
Көшеде мопед көбейді – полиция ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
5 сәуірден кейін мопедін тіркемеген және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алмаған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады 18.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-18T17:47+0500
2025-03-18T17:47+0500
2025-03-18T17:47+0500
алматы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44286827_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_415dc51059f11f9106ff0554be6075c6.jpg.webp
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ауа райының жылынуына байланысты қала көшелерінде мопед көбейе бастады. Полиция екі аптадан кейін заң талаптарын орындамаған мопед иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгінде ірі қалаларда мопед мінетіндер көп. Әсіресе, Алматыда осы көлік түрін таңдайтындар баршылық. Олар жол апатын жиі жасайды. Мәселен, былтыр қалада мұндай 1 084 жол апаты тіркелді. 1 098 адам зардап шекті, тағы 17 адам қаза тапты. 44 мыңнан астам мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 1 700-ден астам мопед айып тұрағына қойылды.Былтыр осы жағдайды ескеріп, жол ережесіне өзгеріс енгізілген болатын. Оған сәйкес, мопедті көлік құралы ретінде тіркеу керек.Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, 5 сәуірден бастап заң талаптарын орындамаған мопед иелері жауапқа тартылады."Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушысы болып саналады, оларға барлық заң талабы қолданылады. Осыған байланысты мопед жүргізушілеріне мопедін тіркеу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажеттігін тағы бір рет еске салғым келеді. Биылғы жылдың 5 сәуірінен кейін көлік құралын уәкілетті органда тіркемеген және А1 санатындағы жүргізуші куәлігінсіз мопед тізгіндегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - дейді Шумаев.
https://sputnik.kz/20240826/astanada-moped-mingen-zhas-zhigit-zhol-apatynan-koz-zhumdy-46597019.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44286827_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_f51f01ecc5deedaf6fa083e0d129b903.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жол апаты
Көшеде мопед көбейді – полиция ескерту жасады
5 сәуірден кейін мопедін тіркемеген және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алмаған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ауа райының жылынуына байланысты қала көшелерінде мопед көбейе бастады. Полиция екі аптадан кейін заң талаптарын орындамаған мопед иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz
сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде ірі қалаларда мопед мінетіндер көп. Әсіресе, Алматыда осы көлік түрін таңдайтындар баршылық. Олар жол апатын жиі жасайды. Мәселен, былтыр қалада мұндай 1 084 жол апаты тіркелді. 1 098 адам зардап шекті, тағы 17 адам қаза тапты. 44 мыңнан астам мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 1 700-ден астам мопед айып тұрағына қойылды.
Былтыр осы жағдайды ескеріп, жол ережесіне өзгеріс енгізілген болатын. Оған сәйкес, мопедті көлік құралы ретінде тіркеу керек.
Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, 5 сәуірден бастап заң талаптарын орындамаған мопед иелері жауапқа тартылады.
"Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушысы болып саналады, оларға барлық заң талабы қолданылады. Осыған байланысты мопед жүргізушілеріне мопедін тіркеу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажеттігін тағы бір рет еске салғым келеді. Биылғы жылдың 5 сәуірінен кейін көлік құралын уәкілетті органда тіркемеген және А1 санатындағы жүргізуші куәлігінсіз мопед тізгіндегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - дейді Шумаев.