Астанада мопед мінген жас жігіт жол апатынан көз жұмды

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Астанада мопед мінген жас жігіт жүк көлігіне соғылып көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 25 тамызда кешкі сағат 21:14-тің шамасында болған. Мопед мінген жас жігіт Сарайшық көшесімен келе жатқанда жолда тұрған "КамАЗ"-дың артына соғылып, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қоғалды. Полиция тергеу шараларын бастап кетті. Ал әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда мопед жолдың бойында тұрған коммуналдық қызметтің көлігіне соғылған.
Мопеды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2024
"27 адам қаза тапты": Бектенов мопед мәселесіне алаңдаушылық білдірді
Жаңалықтар
0